Новости
Дүниежүзілік артериалды гипертониямен күрес күні
Категория: Новости организации
Дата: 2016-06-06 00:53:18

6 мамырда емхана қызметкерлері Дүниежүзілік артериалды гипертониямен күрес күніне орайластырылған кеңауқымды науқанға қатысты. Алдын алу бөлімшесінің медбикелері мен дәрігерлері артерия қысымының артуын болдыртпау мақсатында артерия қысымын өлшеп, салауатты өмір салтын ұстану бойынша кеңес берді. Артерия қысымын өлшеуге тілек білдіргендерге арналған пункттер "Артур" СҮ-де, автобекет пен емхана...
Медбике күнімен!
Категория: Новости организации
Дата: 2016-06-06 00:47:27

Құрметті медбикелер! Осы күні Сіздерді кәсіптік мейрамдарыңызбен құттықтай отырып, Сіздердің орасан зор еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтқымыз келеді. Өмірлеріңізді басқа адамдарға адал көмек көрсетуге бағыштадыңыздар. Сіздерге шыдамдылық, жақсы емделушілер мен мол адамгершілік бақыт тілейміз.
Өткір ішек инфекцияларының алдын алу
Категория: Новости организации
Дата: 2016-06-06 00:42:44

12 мамырда балалар кеңесінің мәжіліс залында емхана қызметкерлері үшін "Өткір ішек инфекциларының алдын алу" тақырыбында семинар өткізілді. Инфекционист дәрігер М.С.Присяжнюк сальмонеллез, аспен улану және өткір ішек инфекцияларының алдын алу бойынша айлықты өткізу туралы баяндап, Қазақсан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы №194 "Инфекциялық аурулардың алдын алу бо...
15 мамыр - Халықаралық отбасы күні
Категория: Новости организации
Дата: 2016-06-06 00:35:30

Әйелдер кеңесінің меңгерушісі Г.А.Жунусова планерлік кеңесте емхана қызметкерлерін Халықаралық отбасы күнін өткізу концепциясымен таныстырды және "Мерейлі отбасы" байқауына қатысу үшін ЖДТ-6 медбикесі М.М.Абилкасимованы ұсынды.
Онкосырқаттардың алдын алу
Категория: Новости организации
Дата: 2016-06-06 00:31:44

17 мамырда онколог дәрігер Л.М.Ким Павлодар қаласының тұрғындары арасында онкосырқаттану бойынша жағдайды, онкопатологияларды ерте анықтау үшін скринингтік тексерістердің маңызы мен диагностикалау әдістері туралы баяндады.
18 мамыр - Ұлттық ойындар күні
Категория: Новости организации
Дата: 2016-06-06 00:28:36

18 мамырда балалар кеңесінде Ұлттық ойындар күніне орайластырылған шара өтті. Емхананың ДСБ медбикесі Б.Б.Олжагулова бейнефильм көрсетіп, келушілер мен емхана қызметкерлерін қазақ ұлттық ойындары мен мерекелерімен таныстырды.
Шылым шегудің алдын алу
Категория: Новости организации
Дата: 2016-06-06 00:21:37

Шылым шегудің алдын алу бойынша іс-шаралар аясында 19.05.2016 жылы балалар кеңесінде ДБО үйлестірушісі А.М.Идрисова медқызметкерлер үшін семинар өткізді, оның барысында ересектер мен жасөспірімдер арасында шылымды пайдалануды төмендету бойынша алдын алу жұмысын өткізу қажеттілігі және шылым түтінінің балаларға зиянды әсері туралы ақпарат берілді.
Медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделі
Категория: Новости организации
Дата: 2016-06-06 00:15:31
ҚР 2016-2019 жылдарға арналған ДДМБ шеңберінде еліміздің демографиясына айтарлықтай әсер ететін нозологиялар мен жағдайлардың 5 түрі бойынша медицналық көмек көрсету бойынша интеграцияланған модель енгізілуде: өткір миокард инфарктісі, қатерлі жаңа өспелер, жарақаттар, жүктіліктің өтуі мен босануға көмек жағдайы. Медкөмекті көрсетудің жаңа моделі қызметтердің бүкіл циклін көрсететін болады: профил...
Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" денсаулықты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Категория: Новости организации
Дата: 2016-06-06 00:01:16

24 мамырда бас дәрігердің емделушілерді қолдау қызметі жөніндегі орынбасары А.Ж.Абылхасан планерлік кеңесте емхана қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" денсаулықты дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі тезистерін баяндады. Баяндамашы бағдарламаны жүзеге асырудағы профилактикалық іс-шаралар мен БМСК ұйымдарының өсіп келе жатқан роліне назар ауда...
Шылым шегудің алдын алу айлығы
Категория: Новости организации
Дата: 2016-06-05 23:55:37

24 мамырда шылым шегудің алдын алу айлығы шеңберінде СӨС дәрігері Ж.С. Каденов медициналық қызметкерлерге арналған семинар өткізді. Өз сөзінде ол балалар мен жасөспірімдер арасында шылым шегудің бастапқы алдын алу бойынша іс-шараларды өткізу қажеттілігін баса айтып, шылымға тәуелділік мәселелерін шешу жолдарын баяндады.
Иммунопрофилактика бойынша аттестаттау
Категория: Новости организации
Дата: 2016-06-05 23:51:16

24 мамырда емханада орта медқызметкерлерді иммунопрофилактика бойынша аттестаттау өткізілді. Эпидемиолог дәрігер Г.Т.Кульмагамбетова хирургия бейіні мен ЖДТ медбикелерін дифтерия, сіреспе мен құтыруға қарсы вакцинация өткізуге көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді білулерін тексерді.
Физиоемдеу
Категория: Новости организации
Дата: 2016-06-03 07:47:18

№5 емхананың физиобөлімі электермен емдеуді (электрофорез, СМТ, УВЧ, дарсонвализация), магнитотерапия, магнитоакустикалық терапия, ультрадыбыстық терапия, жарықпен емдеуді (УФО, лазеротерапия, соллюкс), ингаляциялық терапия, массаж жүргізеді. Емдік физикалық факторлар дәрілік препараттарды қабылдауға қарағанда зиянды әсері аз, аллергиялық реакциялар мен дәрімен ауруды болдыртпайды. Осыдан шыға,...