Қызметкерлер

Дәреже: Все

Гюлнар Зейнел-Қабиденқызы Жармакина

Гюлнар Зейнел-Қабиденқызы Жармакина

1966ж. 18 ақпанда Павлодар облысы Павлодар қаласында туған.

1995 ж. Семей қаласының мемлекеттік медициналық университетін бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

05.07.1983ж. - 15.08.1984ж. - Павлодар облысы. Аққу орталық аудандық ауруханасының хирургиялық бөлімі, ота жасау блогының санитаркасы 

18.07.1986ж. - 25.08.1988ж. - Павлодар облысы. Аққу орталық аудандық ауруханасының таңу-ота жасау блогының медбикесі

01.09.1995ж. - 01.06.1998ж. - Павлодар қаласы, 1-ші қалалық шұғыл қызметтің акушер-гинеколог дәрігері

01.06.1998 ж. - 01.02.1999ж. - Павлодар қаласы, 1-ші қалалық емханасы әйелдер кеңесінің акушер-гинеколог дәрігері

01.02.1999 ж. - 29.12.1999 ж. - Павлодар қаласы, 1-ші емхананың медико-генетикалық кеңес беру және отбасын жоспарлаудағы балалар бөлімінің акушер-гинеколог дәрігері

30.12.1999 ж. - 26.03.2002 ж. - Павлодар қаласы денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы

27.03.2002 ж. - 05.01.2005 ж. - Павлодар қаласы денсаулық сақтау басқармасының акушер-генекологиялық қызметтің бас маманы

06.01.2005 ж. - 03.09.2008 ж. - Павлодар облысы денсаулық сақтау департаменті Павлодар қаласы бойынша денсаулық сақтау бөлімінің акушер-гинекологы бас маманы

04.09.2008 ж. - 30.07.2014ж. - Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы ана мен баланы қорғау бөлімінің бас маманы

30.07.2014ж. - осы уақытқа дейін - Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы

Біржан Серікұлы Досмаилов

Біржан Серікұлы Досмаилов
Біржан Досмаилов 1977 жылы 23 наурызда Алматы қаласында өмірге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін, 2013 жылы Гуманитарлық-Техникалық Академияны, ал 2015 жылы Алматы Менеджмент Университетін тәмамдаған. Жалпы практика дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты, экономика мен бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілік басқару магистрі. 
 
Еңбек жолын 2001 жылы Шу қалалық ауруханасында хирург болып бастаған, 2003-2004 жылдары Нұр-Сұлтан қаласында Травмотология және ортопедия ғылыми зерттеу институтында жұмыс істеп, аталмыш ғылыми зерттеу институтында ғылыми қызметке ауыстырылған. Ал 2004-2007 жылдары аталмыш институтта күндізгі аспирантурадан өткен. 
 
Аспирантурада оқуын аяқтаған соң Біржан Досмаилов Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтында 2016 жылға дейін әртүрлі қызметтерде  еңбек жолын жалғастырған. Ғылыми зерттеу институтының травмотология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі болған. 
 
Біржан Досмаилов 2016 жылы Астана қаласы №1 қалалық ауруханасының бас дәрігерінің инновация бойынша орынбасары, ал 2017 жылдың 28 қарашасынан 2020 жылдың 4 наурызына дейін Нұр-Сұлтан қаласының №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасының директоры қызметтерін атқарған. 
 
2020 жылдың 5 наурызында Павлолар облысы әкімі Әбілқайыр Сқақов облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары, басқарма басшысының м.а.Біржан Досмаиловты басқарма ұжымы мен дәрігерлерге таныстырды.

Ержанов Ерлан Кенжебайұлы

Ержанов Ерлан Кенжебайұлы

Ержанов Ерлан Кенжебаевич  1975 жылдың 21 тамызында Екібастұз қаласында, дәрігерлер отбасында дүниеге келді.

1992 жылы №10 орта мектептің 11 сыныбын бітіріп,  Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына  түсіп, 1998 жылы  емдеу ісі бойынша аяқтадым. Институтты аяқтаған соң «Екібастұз қалалық ауруханасы» КҚМК-на, неврология бөліміне дәрігер ординатор ретінде  қабылдандым.  2002 жылы  «Екібастұз қаласының №2 емханасы» КҚМК дәрігер невропатолог  лауазымына  ауысты.

2007 жылдың тамыз айынан бастап  Екібастұз қаласының емдеу профилактикалық жұмыс координатор бөлімінің бас маманы.

2009 жылдың қыркүйек айында «Психоневрологиялық диспансер»ММ-нің  бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

2013 жылдың  тамыз айынан бастап «Екібастұз қаласының №3 емханасы» бас дәрігері қызметін атқарды.

2014 жылдың  қазан айынан  2016 жылдың  қазан айы аралығында  «Екібастұз қаласының №1 емханасы» КМК бас дәрігері. 2016 жылдың қазан айынан бастап  «Екібастұз қаласының №1 емханасы» КМК КДК бөлімінің меңгерушісі. 2017 жылдың  қаңтар айынан мамыр айы аралығында    ШЖҚ «Екібастұз қаласының №1 емханасы» КМК  бас дәрігердің міндетін атқарып,  2017 жылдың  мамыр айынан бастап бас дәрігер қызметіне тағайындалды.

2018 жылғы 15 тамыздан бастап «Павлодар облыс денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің басшы орынбасарының м.а. қызметіне тағайындалды

Арыстанова Сәуле Ескендірқызы

Арыстанова Сәуле Ескендірқызы
1962 жылы 5 қыркүйек күні Өзбек СССР Ильич ауылында дүниеге келген.
 
1987 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтты «акушер-гинеколог» мамандығы бойынша бітірген.
 
16.11.1979 -23.08.1981 жж. Алматы қаласындағы госпитальда медициналық қызметкер болып жұмыс істеген.
 
03.08.1987-04.08.1988 жж. Шымкент қаласының облыстық перзентханасында дәрігер-интерн,
 
16.08.1988 – 25.08.1982 жж. Шымкент қаласы облыстық ауруханасының акушер-гинекологі,
 
02.09.1992-01.06.1996 жж. Краснокурстск ауданының акушер-гинекологі (Ақтогай орталық аудандық ауруханасы)
 
07.06.1996-27.04.1998 жж. Ғ.Сұлтанов атындағы облысытық ауруханасының босану бөлімінің меңгерушісі
 
01.05.1998-02.12.2002 жж.Павлодар қаласы №1ауруханасының акушер-гинекологі
 
12.12.2002-15.02.2010 жж. «Павлодар облысы денсаулық сақтау департаменті» ММ-нің бас маманның м.а.
 
03.03.2010-03.04.17 жж ҚРДМ«Медициналық-фармацевтикалық қызметін бақылау комитеті департаменті» РМБ
 
03.04.2017-05.03.2018 жж. ҚРДМ «Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті» РМБ бас маманы
 
28.03.2018 жж- қазіргі уақытқа дейін «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің емдеу-сауықтыру бөлімінің басшысы.
 
Ағымды жылдың 27 қарашадан бастап «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің басқарма басшы орынбасарының м.а.

Динара Ғұсманқызы Төлеубаева

Динара Ғұсманқызы Төлеубаева

1983 жылы 06 шілдеде Екібастұз қаласында туған.

Білімі: 2009 жылы Еуразиялық Инновациялық Инститтын "Юриспруденция" маамны бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

17.06.2003 ж. - 25.11.2003 ж. - «Павлодар қалалық СЭС» ММ заңгер болып қызмет жасады.  

25.11.2003 ж. -  01.01.2004 ж. - Павлодар қаласының мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында бас маманның міндетін атқарушы болып қызмет етті.

05.07.2004 ж. - 30.04.2007 ж. - Павлодар қаласының мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында жетекші маман болып қызмет етті.

30.04.2007 ж. - 02.03.2009 ж. - Павлодар қаласының мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында бас маман болып қызмет етті.

02.03.2009 ж. - 11.05.2010 ж. - Павлодар облысы бойынша ҚРДСМ МСЭҚК Департаментінің заңгерінің бас маманы болып қызмет етті.

11.05.2010 ж. - 13.01.2011 ж. - Павлодар облысы бойынша ҚРДСМ МСЭҚК Департаментінің құқық мәселесі бойынша бас маманы болып қызмет етті.

13.01.2011 ж. - 11.05.2014 ж. - Павлодар облысы бойынша ҚРДСМ МСЭҚК Департаментінің құқық мәселесі бойынша бөлім басшысы болып қызмет етті.

11.05.2014 ж. - 20.01.2015 ж. - Павлодар облысы бойынша ҚРДСМ МСЭҚК Департаментінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы болып қызмет етті.

09.02.2015 ж. - 09.02.2015 ж. - «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі ұйымдастыру-құқықтық және кадрлық жұмысы бөлімі бас маманның м.а.

13.03.2015 ж. - 06.05.2015 ж. - «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі заң жұмысы бөлімі бас маманының м.а.

06.05.2015 ж. - 27.05.2015 ж. - Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі заң жұмысы бөлімінің бас маманы.

27.05.2015 жылдан бастап осы уақытқыа дейін - Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі заң жұмысы бөлімінің басшысы

Гүлжанат Орынтайқызы Елтаева

Гүлжанат Орынтайқызы Елтаева

"Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы" ММ персоналды басқару және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы

18 июня 1966 жылы Павлодар облысында  Баянауыл.ауылында туған.

Білімі:

1) 1990ж.- Семей педагогикалық институты

Мамандығы - тарих-педагогика, Біліктілігі -  тарих, қоғамтану пәндерінің мұғалімі, тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскер ;

2) 2001ж.- Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

Мамандығы- құқықтану, біліктілігі- заңгер.

Жұмыс тәжірибесі:

07.1984ж. - 07.1985ж. - Павлодар облысы Баянауыл ауылы СПТУ-159 жұмыскер

06.1990ж. - 08.1990ж. - Павлодар  облысы Павлодар қаласындағы СПТУ-12 тарих пәнінің оқытушысы 

08.1992ж. - 02.1997ж. - Павлодар облысы Баянауыл ауылы №3 орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі

02.1997ж. - 07.1997ж. - Павлодар облысы Баянауыл ауданы бөлімінің АХАЖ меңгерушісі

07.1997ж. - 07.2001ж. - Павлодар облысы Баянауыл ауданы АХАЖ бөлімінің меңгерушісі

07.2001ж. - 06.2004ж. - Павлодар облысы Ақсу қаласы АХАЖ бөлімінің меңгерушісі

06.2004ж. - 06.2004ж. - Павлодар облысы Ақсу қаласы әділет бөлімінің басшысы

03.2005ж. - 05.2007ж. - Павлодар облысы Ақсу қаласы әділет басқармасының басшысы

06.2007ж. - 01.2009ж. - Павлодар облысы Әділет департаменті нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы

01.2009ж. - 01.2011ж. - Павлодар облысы Әділет департаменті ұйымдастыру-бақылау және кадрлар жұмысы бөлімінің басшысы

02.2011ж. - 04.2013ж. - «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ, ұйымдастыру-құқықтық және кадрлар жұмысы бөлімінің бастығы

04.2013ж. - 03.2015 ж. - «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ, ұйымдастыру-құқықтық және кадрлар жұмысы бөлімінің басшысы

03.2015 ж. - осы күнге дейін - "Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы" ММ персоналды басқару және ұйымдастыру бөлімінің басшысы

Брімжан Гұлнәз Қалкенқызы

 Брімжан Гұлнәз Қалкенқызы
Брімжан Гұлнәз Қалкенқызы, 1978 жылы туған, жоғары заң білімі.

1998 жылы — Павлодар көлік және коммуникация колледжі, мамандығы «Құқықтану».

2001 жыл — Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, мамандығы «Құқықтану».

Еңбек қызметі:

 —  1995 жылы Лебяжі аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің іс жүргізушісі.

—  1996 — 2000 жылға дейін ішкі істер органдарында, Павлодар облысы.

—   2000 — 2002 жылдары Павлодар облыстық сотының сот отырысының хатшысы.

       — 2003 — 2007 жылдары Павлодар облысының мемлекеттік органдарында заңгер.

       — 2007 — 2009 жылдары жеке меншік нысанындағы ұйымдарда заңгер.

  — 2011 жылдан бастап Павлодар ауданы әкімі аппаратының бас маман-заңгері, Павлодар қаласы әкімі аппаратының кадр және Мемлекеттік қызмет бөлімінің басшысы, Павлодар облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маман — заңгері.

Тағайындалғанға дейін Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маман – заңгері қызметін атқарды.

2019 жылғы ақпаннан бастап облыстық денсаулық сақтау басқармасы заң бөлімінің басшысы.

Жаннат Мұсаұлы Тентекпаев

Жаннат Мұсаұлы Тентекпаев

«Павлодар облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу мен оған қарсы күрес орталығы» ММ директоры

«Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы» КМҚК директоры.

1967 жылғы 12 мамырда Ақмола облысының, Жақсын ауданы, Қийма ауылында дүниеге келді.

Білімі: жоғары

-1984 — 1986 жж. — Семей мемлекеттік медициналық институты.

-1988 -1992 жж. — Қарағанды мемлекеттік медициналық институты (емдеу ісі)

-2009 — 2012 жж. — Павлодар мемлекеттік университеті (экономика факультеті)

Еңбек өтілі:

— 1989 ж. — Екібастұз орталық қалалық ауруханасы, медициналық аға;

— 1993 — 1999 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы травматолог- ортопед дәрігері;

— 1999 — 2002 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы нейрохирург-дәрігер;

— 2002 — 2005 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы травматолог — ортопед;

— 2005 — 2009 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы- шұғыл және жоспарлық консультациялық көмек бөлімінің меңгерушісі;

— 2009 — 2010 жж. — Баянауыл орталық аудандық ауруханасы- бас дәрігердің м.а.;

— 2011 — 2012 жж. — Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық клникалық ауруханасы- бас дәрігердің медициналық қызмет, АҚ және ТЖ жөніндегі орынбасары;

— 2012 ж.ақпан — Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы- бас дәрігердің м.а.

— 2012 жылғы наурыздан бастап 2015 жылғы сәуірге дейін -№1 емхананың бас дәрігері;

-2015 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — « Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы» КМҚК директоры.

Жалпы еңбек өтілі :24жыл 02ай.

Қосымша білімі:

30.09.2011 — 29.12.2011 ж. — СММА Павлодар филиалы, «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» біліктілігін арттыру.

05.05.2012 — 02.06.2012 ж. – СММА Павлодар филиалы, «Денсаулық сақтауды басқарудың заманауи мәселелері» біліктілікті арттыру айналымы;

24.09.2012 — 28.09.2012 ж. — Астана қ. ДСДРО «ШЖҚ мемлекеттік медициналық ұйымдардың операциялық менеджементі» біліктілікті арттыру айналымы;

Тұрақбаева Фарида Қапарқызы

Тұрақбаева Фарида Қапарқызы

ШЖҚ «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» КМК бас дәрігер

Павлодар облысы, Баянаул ауылында 1964 жылы 17 қарашада дүниеге келді. 1981 жылы Павлодар қ. № 14 орта мектебін бітірді.

1981 жылында Қазақстан Коммунистік партиясының Павлодар облыстық комитетінде техникалық хатшы болып істеді.

1982 ж. Семей мемлекеттік Медициналық институтының емдеу ісі факультетіне түсті. Аталған оқуды 1988 ж. аяқтады, Павлодар қ. № 1 ауруханасына акушер-гинекология бойынша дәрігер интерн ретінде қабылданды. 1989 ж. облыстық перзентханаға акушер-гинеколог дірігері қызметіне ауыстырылды. 2003 ж. ҚР «Гедеон Рихтер» АҚ фарм компаниясында өңірлік медицина өкім ретінде 2008 жылға дейін жұмыс істеді. Жұмыс кезінде акушер-гинеколог дәрігерін қоса атқарды. 2005 және 2006 ж. « Дәрігерлік –дене тәрбиесі диспансері» КМҚК Павлодар қ. емдеу бөлімінде директордың орынбасарының қызметін қоса атқарды.

2006-2008 ж. Алматы қаласында «Рада» МО Дәрігер Раисова ЖШС бас дәрігер болып жұмыс істеді.

2008 ж. Алматы қ. «Молекулярлық медицина институтында» ЖШС директор қызметін атқарды. 2009-2013 ж. Павлодар облысының перзентханасында дәрігер акушер-гинеколог болып жұмыс істеді. 2013 ж. қараша айында Алматы қаласында «Валента –Фарм» АҚ аға медициналық өкім ретінде жұмыс атқарды. Осы уақытта Алматы қ. «Рада» МО Дәрігер Раисова ЖШС клиникасында бас дәрігер ретінде қоса жұмыс істеді. 2014 жылдың қарашасынан бастап Семей қ. ММУ ПФ акушерния-гинекология 2 хирургия курс кафедрасында ассистент оқу ісінің меңгерушісі болды.

2016 жылдың ақпанынан бастап ШЖҚ «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» КМК бас дәрігер болып қызмет атқаруда.

Туребаев Алтай Уралович

Туребаев Алтай Уралович

ШЖҚ «Павлодар қаласының №1 емханасы» КМК бас дәрігері

1963 жылы 4 мамырда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ағашорын ауылында дүниеге келді. 1980 жылы Ертіс ауданы, Панфилов ауылының орта мектебін бітірген. 1980-1986 жылдары «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медициналық институтында оқыды, «емдеуші дәрігер» біліктілігі бар. 2017 жылы Инновациялық Еуразия университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес магистрі» дәрежесін алды.

1986-1987 жылдар аралығында Жедел медициналық көмек ауруханасы базасы негізінде хирургия мамандығы бойынша интернатураны өтті.

1987 жылы Облыстық денсаулық сақтау бөлімімен Коминтерн учаскелік ауруханасына хирург дәрігер ретінде жолданды.

1991 жылы Коминтерн ауылының учаскелік ауруханасының бас дәрігері ретінде тағайындалды.

1996 жылы Ақтоғай ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері ретінде тағайындалды.

2004 жылдан бастап 2009 жылға дейін «ТЖ шұғыл медициналық көмектің облыстық орталығы» ММ директорының орынбасары болды.

2009 жылы ШЖҚ «Павлодар қаласының №5 емханасы» КМК бас дәрігері ретінде тағайындалды.

2015 жылдың сәуір айынан бастап ШЖҚ «Павлодар қаласының №1 емханасы» КМК бас дәрігері ретінде тағайындалды.

1995 жылы Мәслихат депутатына сайланды.

1996 жылы Павлодар облысының мәслихат депутаты болды.

2012 жылы Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау ісінде ерекше еңбегі сіңгені үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» кеуде белгісімен марапатталды

Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.

Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы ретінде 25 жыл қызмет атқару кезінде өзін білікті басшы және жоғары білікті ұйымдастырушы ретінде танытты. Басқару процесіне және дұрыс шешім қабылдауға үлкен жауапкершілікпен қарайды. БМСК қағидаларын жүзеге асыруға қатысады: профилактикалық бағыт, кепілділік, тегін көмек көрсету, жалпы қол жетімділік. Интеллектуалды қабілеті бар, аналитикалық тұрғыда шешім қабылдайды. Мұқияттылық, еңбекқорлық, жинақылық сияқты адами қабілеттері БМСК-ны жоғары деңгейде ұйымдастыруға ықпал етеді.

Отбасылық жағдайы – үйленген.

Сыздықов Серім Уақапұлы

Сыздықов Серім Уақапұлы

ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухана» КМК бас дәрігері

Сыздықов Серім Уақапұлы 1952 жылы Павлодар облысы Ямышево ауылында дүниеге келді.

1976 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады.

Интернатураны аяқтаған соң, 1976 жылдан бастап Павлодар қаласы № 5 емханасында хирург дәрігері болды.

1980 жылдан бастап Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында травматология-ортопедия бөлімшесінің дәрігері қызметінде жұмыс атқарды.

1991 жылғы желтоқсан айынан бастап Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының травматология-ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі лауазымына ауысты.

1999 жылғы сәуір айында Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

2002 жылы Қарағанды экономикалық университетін «Әлеуметтік саласындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады.

Келесі наградаларға ие:

2012 жылдан бастап Павлодар облысы маслихат депутаты болып келеді.

2013 жылдан бастап – Павлодар қаласының Құрметті азаматы.

Сүлейменов Мұрат Құснұллұлы

Сүлейменов Мұрат Құснұллұлы

ШЖҚ «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМК директоры

Туған жылы 12.03 1954 жыл

ұлты қазақ

отбасы жағдайы женат

азаматтығы ҚР

жұмыс өтілі 39 жыл

Еңбек қызметін Қарағандының мемлекеттік медициналық институттың студенті болған кезінен 1974 жылдан бастап, оқуды № 1 қалалық клиникалық аурухананың реанимация және жеделдетілген терапия бөлімшесінде медициналық аға лауазымын жұмыспен біріктірген.

1978 ж. Павлодар қ. №2 қалалық ауруханасы базасында хирургия бойынша интернатура және емдеу факультетін аяқтағаннан кейін Павлодар облыстық онкологиялық диспансерге онколог хирургтың жұмысына кірісті.

1981 ж. диспансер бөлімнің меңгерушісі лауазымына ауысты. 1983 – 84 ж.ж. онкология және радиология Қазақ ҒЗИ аспирантурада сырттай оқыды.

1985 ж. Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері болып тағайындалды.

1998 ж. тамыз айында конкурстық негізде Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқарамасы департаментті басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, осы лауазымда 2001 ж. желтоқсанға дейін жұмыс істеді. Денсаулық сақтау басқарамасы департаментінде жұмыс істеген уақытты ішінде толық түрде ұйымдастырушы қабілеттін көрсетті. Әріптестерімен бірге облыстық денсаулық сақтау жүйесін сақтай білу, қиындықта, дағдарыс жылдары және істе медициналық қоғамды біріктіру, тұрғындарға медициналық көмекті жақсарту ісінде, денсаулық сақтау басқармасында экономикалық ұстамдарды белсенді енгізді.

2001 ж. желтоқсанынан бастап 2006 ж. қыркүйеке дейін «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМКК директор болып жұмыс істеді.

2006 ж. қыркүйегінен бастап Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқарамасы департамент басшысының алдын алу емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2009 ж. қарашадан бастап «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМКК директор болып жұмыс істеді.

2012 ж. қаңтардан бастап ШЖҚ «Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМКК директор болып қайта тағайындалды.

Оның басшылығымен Қазақстанда онкологияда автоматтандырған ақпаратты жүйесінде қатерлі ісіктің атақты тіркеуші енгізілген болатын, бағдарламалық өнім 1988 жылдан бастап ООД қайта жаңартылған, кейін Семейде, Солтүстік Қазақстанда, Оңтүстік Қазақстанда Шығыс-Қазақстанда және Талдықорған облысында келесіден енгізілген болатын.

1989 жылы «АСУ-онкология» бағдарламалық өнімді өңдеу жөнінде авторлық куәлікті алған.

1991 ж. «Онкологияда автоматтандырған ақпаратты жүйесінде» халық аралық конференцияның жұмысында қатысты.

2003 жылы ПООД «АСУ-онкология» Республикалық бағдарлама енгізілген, сонымен қатар Австрияда Халықаралық конференцияда (Зальцбург қ.), Голландия (Амстердам қ.)

Оның басшылығымен Павлодар облысында онкологиялық қызмет жақсаруы және ұйымдастыру жөніндегі жұмыстан кеңнен өткізіледі. Диспансері денсаулық сақтау реформасына тұартандыруға кірді. Жыл сайын емделушілерді емдеу бойынша тапсырыстарды орындайды.

40 ғылыми мақалалардың ғылыми-тәжірибелік жұмыстың, 2 жаңашылдықтың және 6 рационализаторлы ұсыныстардың авторы болып табылады.

«Экономика» мамандығы бойынша екінші жоғары білімге ие.

Үнемі өзінің біліктілігін жоғарлатады.

Онколог хирург дәрігердің — жоғары санатты біліктілігі, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ұйымдастыру дәрігері бойынша бірінші санатты біліктілігі бар.

Жұмыстағы жеткен жетістіктер үшін Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет граммотасымен және Денсаулық сақтау ісіне жеке үлесін қосқаны үшін және Денсаулық сақтау Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

«СССР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белігісімен және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі»

2005 ж. «Шапағат» Мемлекеттік медаль марапатпен және «Облыс алдындағы жетістіктері үшін» белгісімен марапатталған.

2013 жылы «Ерен еңбегі үшін» медальмен, Денсаулық сақтау ісінің – менеджері дипломымен марапатталған.

2014 ж. Невада Семейдің 25 жылдық мерей тойы медальімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, «Қазақстанның данқы» орденімен және «Бірлік» алтын медальмен марапаталған.

2013 жылы диспансер «Қазақстан Лидері» Құрмет атағына ие болған. (ҚР рейтингі бірінші орын (Алтын)

2014 жылы диспансер «Сала Лидері 2014» атаққа ие болған. (ҚР рейтингі екінші орын (Алтын)

2015 жылы «Медицина мақтанышы» атағына ие болған. (ҚР рейтингі екінші орын (Күміс)

Облыстың штаттан тыс онколог хирургы болып табылады.

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 5 соңғысы