контакт: Дәрігер-сарапшы- 8(7182)-55-57-34 Регистратура - 8(708)4665715; 8(7182) -55-52-10 Instagram - @pgcrd_pvl E-mail - pgcrd@mail.ru
адрес: Павлодар қ-сы, Лермонтов к-сі, 59 үй

Туракбаева Фарида Капаровна

Дәреже: Руководство
Туракбаева Фарида Капаровна

  Өмірбаян

Павлодар облысы, Баянауыл ауылында дүниеге келді.1988 жылы Семей Мемлекеттік медициналық институтын аяқтады. 2011 жылы Алматы қ.Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің психология факультетінің сырттай бөлімін аяқтап шықты.Өзінің еңбек қызметін 1981 жылы  Қазақстан Компартиясының Павлодар облыстық комитетінде техникалық хатшы болып бастады және 1988 жылы облыстық  перзентханада акушер-гинеколог дәрігері болып жұмыс істеді. 2003-2008 жылдары Қазақстан Республикасы «Гедеон Рихтер»АҚ аймақтық өкілдік болып жұмыс атқарды. 2006 жылдан 2009 жылға дейін («Дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансері» КМҚК Павлодар қ.емдеу бөлімі бойынша директордың орынбасары; Алматы қ.Молекулярлық медицина институтында директор ЖШС ) басшылық  лауазымда жұмыс атқарған. 2014-2016 жылы Семей қ.ММУ ПФ  жоғары санаттағы дәрігер, акушерия-гинекология және педиатрияда 2 хирургия курс кафедрасында ассистент оқу ісінің меңгерушісі болды. 2016 жылдың ақпанын бастап ШЖҚ«Павлодар қалалық балаларды  оңалту орталығында »КМК бас дәрігер  қызметін атқарады.

2019 жылғы қазанда Литва Республикасы, Вильнюс қаласына «Дене медицинасы және оңалту қызметін ұйымдастыру» циклы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.

2017 жылы қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында «Медициналық ұйымдарда тиімді    басқарудың практикасы» халықаралық тәжірибелік семинарға қатысты.

2016 жылы қараша-желтоқсан   Астана қаласында  «Медициналық оңалтудың өзекті мәселелері» атты циклінде «Медициналық оңалту, қалпына келтіру емі» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті.

2016 жылы  қыркүйекте Астана қаласында «Медико-социальная нейрореабилитация детей-инвалидов» оқыту семинарына қатысты.

2016 жылы шілдеде   Астана қаласында «Денсаулық сақтау жүйесінде көшбасшылық және  қазіргі заманғы менеджментті дамыту» циклы бойынша «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.

2016 жылы сәуір-мамырда «Менеджмент»  мамандығының магистранты «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша Чехия қаласында шетелде  өткен тағылымдама.