Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Қазіргі таңда мемлекеттік органдардағы сыйбайлас жемқорлықты алдын алу және қарсы әрекет қылу ең бір басым тапсырмалар болып қалуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет стратегиясын орындау мақсатында, азаматтарды жемқорлық байқалған жерден жоғары деңгейде қорғау бойынша, облыстың денсаулық сақтау басқармасы жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыруда.
Басқармадағы мемлекеттік қызметкерлер тарапынан кедергі келтірген лауазымдық құқық бұзушылықты алдын алу бойынша жұмыс ұйымдастырылған, лауазымдық құқық пен тәртіп бұзушылықты алдын алу және ескерту бойынша Басқарма қызметкерлерінің әрекеттері байланыстырылады.
Басқарма қызметкерлері әкімшілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама өзгерістерімен тұрақты түрде танысады. Сонымен қатар, қызметкерлердің еңбек және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы тиісті орындағанын қадағалау мақсатында, басқарма ғимаратында бейнебақылаулар, өтінім мен ұсыныстар үшін арнайы жәшік қойылған, сенім телефоны қызмет жасайды.
Мемлекеттік деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің тиімділігі, әр мемлекеттік органдағы осындай атқарылған жұмыстың тікелей сапасына байланысты, осы жұмыста ізденіс пен жаңа бағыттарды тауып әрекет етуінде.
Құрметті оқырмандар, егер де Сіздер басқарма, немесе облыстың медициналық ұйымдарына қарасты ведомства аралық қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттерге тап болсаңыз, Басқарма сенім телефонына 8-7182-653890 қоңырау шалуыңызды немесе depzdrav.gov.kz. басқарма басшысының блогы хабар беруіңізді өтінеміз.
Д.Г. Төлеубаева, С.Б. Мейрханова