Облыстық медицина қызметкерлерінің кәсіподағы Павлодарлық «103» қызметін атап өтті
15-07-2022 14:49
Үш апта бұрын «103» Павлодарлық қызметін Қазақстанда үздік деп таныды. Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы «Алтын шипагер» ұлттық сыйлығы аясында өз номинациясында жеңімпаз атанды. Облыстық медицина қызметкерлерінің кәсіподағы станция ұжымының жетістіктерін бағалап, оның жұмысын көтермелеуге шешім қабылдады. Облыстық «Cenim» кәсіподағының атынан өңірлік жедел жәрдем станциясына сертификат табысталды.