«АЯЛА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ ӨМІРЛІК ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТЫ ЕКІБАСТҰЗ ПЕРЗЕНТХАНАСЫНЫҢ БАЛАЛАР ЖАН САҚТАУ БӨЛІМШЕСІНЕ БЕРДІ

22-03-2016 09:00

«АЯЛА» қайырымдылық қоры Екібастұз перзентханасының балалар жан сақтау бөлімшесіне өмірлік қажетті жабдықты берді. Медициналық мекемеде жалпы сомасы 15 211 000 теңге болатын жаңа жан сақтау үстелі, ӨЖЖ аппараты және инфузиялық дозаторлар пайда болды. Қаражат Қазақстан Халық банкінің қатысуымен жиналды. Банктің клиенттері 5 жыл бойы онлайн-банкинг арқылы шамалы сомаларды аударып отырды.

Медициналық жабдықты тапсыру Қазақстан ауруханаларының балалар жан сақтау бөлімшелеріне көмек көрсетуге арналған «Өмір сыйлайық» атты кең ауқымды жобаның бір бөлігі екендігін атап өткен жөн. Оны «АЯЛА» қоры 2007 жылы Алматы қаласының балалар клиникалық жұқпалы ауруханасында бастады. Бұл бөлімшеге ӨЖЖ аппараттары, жартылай автоматты зертхана, фототерапия аппараты, нәрестелерге арналған кювез және басқа да медициналық жабдық тапсырылды. Емдеу және диагностикалық аппаратураны орнатқаннан кейін ауруханадағы балалар өлімінің төмендеу саны көрсеткіш ретінде болды – жан сақтау бөлімшесінде балалардың өлімі 4 есе төмендеді. 2011 жылы басталған жобаның шегін Алматыдан тыс кеңейту туралы шешім қабылданды. Шын мәнінде, «Өмір сыйлайық» жобасы «Тыныс ал, балақай» республикалық жобасының қисынды жалғасы болып табылады, оның шеңберінде перинаталдық орталықтардың жан сақтау бөлімшелері ауқымды медициналық жабдығын алды. Ол әлсіреген балалардың өмірін құтқаруға көмектесіп, әлі де көмектесуде.

Халық банкінің осыдан бұрын Алматы облысының перзентханаларында және орталық аудандық ауруханаларында жүзеге асырылған балалар кардиохирургиясын дамыту бойынша «Мен де өмір сүргім келеді», «Тыныс ал, балақай», «Ұлт денсаулығы перзентханадан басталады» атты жобаларды іске асыруға қатысқанын қосымша атап өтеміз.

«Екібастұз перзентханасы күрделі өнеркәсіптік өңірдегі жалғыз босанатын мекеме болып табылады. Ол тек Екібастұз қаласына ғана емес, сол сияқты жақын жердегі ауыл халқына да қызмет көрсетеді. Екібастұз перзентханасы көп жағдайда ауыр жағдайда қалған жүкті әйелдерге, сондай-ақ өте төмен салмақпен дүниеге келген нәрестелерге көмек көрсетуге тура келеді. Бізге сыйға берілген жабдық балалардың өлім деңгейін төмендетуге көмектеседі және олардың денсаулығын нығайтады деп сенеміз», – деп атап өтті «Екібастұз перзентханасы» ШЖҚ ҚМК бас дәрігері Гүлнар НЫҒМЕТЖАНОВА.

«Мен өз қаражатын аударып, қайырымдылық танытқан Қазақстан Халық банкінің әрбір клиентіне алғыс айтқым келіп отыр. Бұл – әрбір, тіпті ең кішкентай үлестің өзі, шағын бұлақ сияқты мыңдаған бұлақтармен қосыла отырып үлкен суы мол өзенді құрайтын жағдай. Біз осы жобаға қатысқанымызды мақтан етеміз және адам өмірінен қымбат еш нәрсе жоқ деп сенеміз», – деп хабарлады «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Үміт ШАЯХМЕТОВА.

«Біздің «Өмір сыйлайық» атты жобамыз көп салалы ауруханалардың, облыстық балалар ауруханаларының балалар жан сақтау бөлімшелеріне және перзентханалардың балалар жан сақтау бөлімшелеріне көмектеседі. Кезінде «Тыныс ал, балақай» жобасы облыстық перинаталдық орталықтардың балалар жан сақтау бөлімшелерінде жоғары білікті медициналық көмек көрсету межесін жоғары көтерген болатын. Біздің қорымыз осындай көмек көрсету деңгейінің барлық кезеңде сақталуына ұмтылады» — дейді «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан СҮЛЕЙМЕНОВА.

 

 

 

 

Анықтама үшін:

 

Екібастұз перзентханасының балалар жан сақтау бөлімшесіне берілген медициналық жабдықтың тізбесі:

 

атауы

саны

біреуінің бағасы

сомасы, KZT

1

жан сақтау үстелі

1

1 651 000

1 651 000

2

ӨЖЖ аппараты

1

11 000 000

11 000 000

3

инфузиялық дозатор

8

320 000

2 560 000

жиынтығы:

15 211 000

Автор: ЭРД