Медқызметкерлерді ҚАЗТЕСТ-ке дайындау
2019 ж. қыркүйек айы
Аурухана бөлімшелерінің көрнекі ақпараттарын тексеру
2020ж.ақпан айы
2020 ж. 10-шы ақпан айында медициналық сапасын бақылау бойынша директордың орынбасары Н.С.Төлебаева, АҚ және ТЖ бойынша директордың орынбасары Б.А.Байқуатов пен қазақ тілі оқытушысы А.С.Біләлова аурухананың барлық бөлімшелерінің көрнекі ақпараттардың сауатты жазылуын тексеріп шықты. Тексеру кезінде терапия, гинекология, педиатрия, қабылдау бөлімшелерінде қателер анықталды. Қысқа мерзім ішінде барлық қателер түзетілді.
Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңы» бойынша семинар
2019 ж.10ақпан
ф
Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңы» бойынша хаттамасы
Өткен уақыты:11:00 Ақсу қ, Камзин к. 53
Семинарға шақырылғандар:әкімшілік,кәсіподақ комитетінің төрағасы,бөлімше меңгерушілерімен аға медбибілері.
Күн тәртібі:
- Көрнекі ақпараттың екі тілде сауатты жазуы жөнінде.
- Пациенттерден көрнекі ақпарат дұрыс жазылмағаны бойынша түскен арыздар. (Осы сұрақ бойынша медициналық сапасын бақылау бойынша директордың орынбасары Н.С.Төлебаева сөз сөйледі)
- Қазақ тілі сабақтарына міндетті түрде аптада екі рет қатысуы туралы: медициналық терминдер, медициналық құжаттар және іс қағаздарымен дұрыс жұмыс істеу, аударма техникасын үйрену және ҚАЗТЕСТ-ке дайындалуы жөнінде. (Осы мәселемен қазақ тілі оқытушысы А.С. Біләлова сөз сөйледі.)
- 1997 ж. 11.06. Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңының» көрнекі ақпараттардың сауатты жазылуы жөнінде негізгі баптарымен таныстыру. (Осы сұрақ бойынша заңгер К.Т.Мукушева сөз сөйледі)
Семинар барысында қойылған сұрақтар:
1. Латын графикасына көшу кезеңі.
2. Кейбір медициналық терминдердің дұрыс аудармасы.
3. Бір тілде жазылған өтініштер мен арыздарға жауап беру тәртібі.
(Семинардан кейін медқызметкерлердің қазақ тілі сабақтарына міндетті түрде аптада екі рет қатысу туралы директордың бұйрығы шығатыны туралы айтылды. )
Қалалық емханада Тұңғыш Президент күні
(2019 ж. 30 қараша)
30 қараша күні қалалық емханада Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл күні қалалық кітапхананың мамандары – оқу залының кітапханашысы Нұрғалиева Гүлжан және Қазақ әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Айтышева Анар шақырылды.
Іс-шараның басында Қазақстан Республикасының әнұраны айтылып, кейін бас дәрігер С. Ж. Шайхиннің құттықтауы оқылды. Ол өзінің әріптестері мен қонақтарын мерекемен құттықтап, барлығына амандық пен өркендеу, отбасылық бақыт тіледі.
Кітапхана қызметкерлері Президенттің еңбек қызметі сипатталған кітаптарды, сондай-ақ президенттің өзі жазған кітаптарды көрсетті. Медицина қызметкерлері Елбасының жеке мұрағатынан оның балалық шағы, мектеп жылдары, сыныптастары, жақын туыстары туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. Сондай-ақ Президенттің өмірін, оның өмірінен қызықты деректерді және Елбасымыздың арқасында болған республикамыздың жетістіктерін бейнелейтін бейне фильм көрсетілді.
Кітапхана қызметкерлері Тұңғыш Президент туралы қызықты викторина өткізді. Медицина қызметкерлері екі командаға бөлініп, қиын, бірақ қызықты сұрақтар қойылған конверттерді шығарып, әр сұраққа жауап берді. Конверттерде пайыздар көрсетілген, яғни пайыз неғұрлым көп болса, сұрақ соғұрлым қиын болады. Айта кету керек, жауаптар дәл және толық болды және бірде-бір сұрақ назардан тыс қалмады. Әр команда 100% жинады. Команда қатысушылары сыйлықтармен марапатталды.
Кітапхананың тұрақты оқырманы Баян Құсманова қазақ тілінде ән шырқады, қатысушылар Баянмен бірге қол шапалақтап, ән шырқады және оған естелік сыйлық сыйлады. Жалпы, іс-шара өте қызықты және тіпті көңілді өтті.
Іс-шарадан кейін кітапхана мамандары Қазақ тілі кабинетіне барып, Тұңғыш Президент кітаптарының көрмесі мен ашық сабақ өткізді.
Мереке соңында емхана әкімшілігі кітапхана қызметкерлері мен Баян Құсмановаға осындай маңызды және жауапты іс үшін алғыс білдірді, оған үлкен жауапкершілікпен және қызығушылықпен қарады, бұл басынан-ақ байқалды. Іс-шара соңында естелік суретке түсті.
Қалалық емхананың қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Алма Біләлова
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя