Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 мамырдағы №23 қаулысына сәйкес коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін үйде жүргізіледі. Оларға егде жастағы адамдар, сондай-ақ созылмалы аурулары бар адамдар жатады.
Кеше, 14 маусым күні, Железин ауылда, Галина Григорьевна Платоваға 1939 жылғы тұылған зейнеткерге, вакцинация істейтін жылжымалы тобы ұйымдастырылды. Вакцина енгізілмес бұрын барлық қажетті шаралар қабылданды: дәрігер Джулик О.В, температураны, қан қысымын, жүрек соғу жиілігін және өкпенің оттегімен қанығуын өлшеді.
Науқастың барлық көрсеткіштері қалыпты болды және Галина Григорьевна «Sinopharm» вакцинасының бірінші компонентін алды. Әрі қарай, зейнеткер 30 минут дәрігерлердің бақылауында болды. Өзін жақсы сезінді.