Железин аудандық ауруханасында медициналық қызметкерлер үшін Павлодар облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен АИТВ-ЖИТС-тің алдын-алу бойынша көшпелі семинар өткізілді. Аурухана сонымен қатар іс-шараны ұйымдастырушыларға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті.
Семинар спикері презентациямен бірге ақпараттық баяндама жасады. Ол аймақтағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы, аурудың таралу жолдары мен алдын алу туралы айтты.
Семинар барысында пікірталас өткізіліп, қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.