Бұл қызметті "Железин РБ" ШЖҚ КМК көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz;
3) DamuMedмобильді қосымшасы арқылы.
"Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
* тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде-10 (он) минуттан аспайды.
* портал арқылы жүгінген кезде-30 (отыз) минуттан аспайды.
"Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1) тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы – қоңырауларды тіркеу журналына жазу және дәрігерге барған күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;
2) порталға жүгінген кезде электрондық форматта-Жеке кабинетте электрондық өтінім мәртебесі түріндегі хабарлама.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Жұмыс кестесі:
1) "Железин РБ" ШЖҚ КМК – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін (дүйсенбі-жұма сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін).
2) портал-тәулік бойы.
Жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар: тікелей жүгінген кезде сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат. Портал үшін: электронды түрде сұрау салу.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) біздің медициналық ұйымға тіркелудің болмауы.