Педикулез – немесе биттеу деп адам денесінде биттердің арнайы паразиттік жолмен тіршілік етіп, оның қанымен қоректенуін айтамыз. Педикулез ауру адаммен қатынаста болған жағдайда, әлеуметтік жағдайы жақсы, жеке бас тазалығына көңіл бөлетін адамдарда да пайда болуы мүмкін. Битті жұқтыру қарым – қатынас кезінде, ұжымда, балалар мекемесінде, қоғамдық көлік ішінде, жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда, яғни киім – кешек пен төсек орындарын, тарақты ортақ пайдаланған жағдайда жұғады. Биттің 3 түрі бар: Шашта, киімде, шапта.
1.Бастағы биттер. Адамнан адамға тікелей қатынас арқылы немесе киім, тарақ, орамал (сүлгі) ортақ пайдаланғанда беріледі.Бас биті 40 күнге дейін өмір сүреді.Жұмыртқасы сұр – ақ түсті шашқа жабысып орналасады. Шаштан бөлек қаста, мұртта кездеседі.Биттің шағуы мен сілекейіндегі ферменттер қатты қышуды шақырады. Көбінесе қыздар мен әйелдерде кездеседі, себебі бит ұзын шашта өмірін жақсы сақтайды.
2.Шаптағы биттер: Негізі шапта, жыныс мұшелерінде, артқы өтіс аймағына орналасады. Кейде бит терінің шашты бөліктерге, кеуде, іш, сан, қолтық астына, қасқа, кірпікке таралуы мүмкін. Субьективті қатты қышу сезімі болады.
3.Көйлек биттері. Бұл дененің биттеуі. Бастың битінен үлкенірек, көйлектің , іш киімнің қатпарларында, тігістерінде орналасады. Қанмен қоректенеді, биттің шағуы қатты қышынуды шақырады және сызықты эксориацияға алып келеді , одан пиодермия дамуы мүмкін. Киіммен жанасатын мойын, жауырын, бел зақымданады.Ұзақ уақытқа созылған педикулез терінің құрғауына, түлеуіне, қалыңдауына және кір-сұр пигментацияның, тыртықтың дамуына әкеледі.
Педикулездың емі : 1.Шашқа керосин мен өсімдік майының қоспасын жағып компрессионды қағазбен байлап қойып 12 – 15 сағаттан кейін ыстық сабынды сумен жуылады. 2. 10 және 20 пайыздық бензилбензоат суспензиясын бас терісіне жағып орап байлап қойып 30 минуттан кейін сабын немесе арнайы шампуньмен жуылады. 3.Мақтаны немесе марлелі тампонды ниттифорға батырып,бас терісіне немесе шашқа үккілейді. 4.Шаптағы битті емдеуге арналған аэрозолдар шығарылады пара – плюс, спрей – плюс.
Педикулездің алдын алу шаралары :
– 7–10 күн сайын суға шомылып, киім – кешекпен төсек орынды ауыстырып отыру;
– шашты қиып тарау, жеке тарақты пайдалану;
– балалар ұжымына барған балалардың шашы мен киімдерін үнемі тексеріп тұру;
– ұзақ жолсапардан келген отбасы мушелеріне де тексеру жүргізу.