Құрметті Железин ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Ағымдағы жылы қызылшамен сырқаттану, әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар арасында күрт өскені байқалады.Көбінесе вакцинацияланбаған адамдар ауырады. Ал екпе алғандардың ішінде толық екпе курсымен егілмегендер де ауырып жатыр.Толық курс 2 вакцинациядан тұрады: 1 жаста және 6 жаста.
Қызылша - ауыр асқынуларға, науқастың мүгедектігіне, кейде науқастың өліміне әкелетін ауыр жұқпалы ауру. Сонымен қатар, қызылша өте жұқпалы ауру. Инфекция көп қабатты үйлердің желдету арналары арқылы берілуі мүмкін.
Қызылшаны емдеуге арналған арнайы дәрі-дәрмектер жоқ.Қызылшадан қорғаудың жалғыз әдісі-вакцинация.
Инфекциямен ауырған дұрыс, содан кейін табиғи иммунитет дамиды деген пікір бар. Бұл мүлдем ДҰРЫС ЕМЕС!
Кез келген инфекция - баланың иммунитетіне күшті соққы болып табылады, ол одан қалпына келмеуі мүмкін.
Құрметті ата-аналар! Баланың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірудің қажеті жоқ!
Вакцинация ауданның медициналық ұйымдарында учаскелік дәрігердің қарауынан кейін ғана жүргізіледі.
«Железин аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы» РММ