контакт: 8 (71831) 2 28 31 otdelkadrovzrb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка селосы, Квиткова көшесі,50.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Студенттерді қолдау қызметі
24-01-2020 17:08

ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК

Оқушыларды қолдау қызметі

Бөлімше меңгерушілері

Бөлімшедегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастырады және тікелей басшылық жасайды

Студенттер контингентін сақтау жөнінде шаралар қолданады

Оқу топтарындағы сынып жетекшілерінің жұмысына басшылық жасайды және өз міндеттерін орындауын бақылайды

Студенттердің оқу үлгерімдері мен сабақ қатысымдарына, тәртібіне колледж Жарғысы мен Ішкі тәртіп ережелерінің қадағалауына бақылау жүргізеді.

Студенттердің ата-аналарымен жұмыс ұйымдастырып, жүргізеді.

Бөлімшедегі стипендиялық комиссия жұмысына қатысады және стипендия тағайындау жөнінде ұсыныстар шығарады.

Біріккен кәсіподақ комитетінің төрағасы/айымы/:

  • отбасылық студенттер мен жетім-студенттерге материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша кеңестер береді
  • кәсіподақ комитеті қызметіне қатысты мәселелер бойынша заңгерлік көмек көрсету мәселелері бойынша кеңестер береді

Заңгер:

  • қызметкерлер мен оқушыларға медициналық колледжі қызметіне қатысты түрлі құқықтық мәселелер бойынша ауызша және жазбаша кеңестер беру ісін жүргізеді

Педагог-психолог:

  • оқыту, өзін-өзі билеу, өзіндік өсу, ересектер мен және құрдастарымен өзара қатынас мәселелері бойынша оқушыларға жеке және топтық консультациялар өткізеді
  • «қауіпті топтардың» оқушыларымен жеке — консультациялар өткізеді

Медицина қызметкері:

  • студенттерге кенеттен болған аурулар, жарақаттар, уланулар кезінде дәрігерге дейін бірінші медициналық көмек көрсетеді
  • жұқпалы аурулар айқындалған кезде топтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізеді

Сенім телефоны (СН) –телефон арқылы шұғыл көмек беретін қызмет. Бұл қызмет дағдарыстық жағдайда қалған тұлғаларға арналған әлеуметтік-терапиялық көмектің психопрофилактикалық жұмысы нысанының бірі болып есептеледі. Педагог – психолог телефон арқылы консультациялар өткізуге арналған босатылған тұлға емес, сондықтан өзінің негізгі қызметі үрдісінде телефон арқылы консультация өткізу үшін уақыт бөледі.

62 81 25

педагог-психолог Зеленцова Татьяна Викторовна

жұмыс графигі:

сейсенбі, жұма

сағат 16.00- дан 17.00-ге дейін

Павлодар облысы бойынша дағдарыс орталығы

Психологиялық көмекке анонимді, тәулік бойы және тегін,

телефон арқылы да жүгінуге болады

Сенім телефоны: 34-73-73

8 800 080 34 34 (Павлодар облысы бойынша кезкелген стационарлық және ұялы телефон арқылы, тегін).

АНОНИМДІ, ТӘУЛІК БОЙЫ, ТЕГІ

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі.

Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «11616» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.