контакт:
Қабылдау бөлімі:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Тіркеу орны: 60-43-92
адрес: Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Дүниежүзілік нашақорлықпен күрес күні шеңберінде онлайн-конференция өткізілді
16-06-2020 08:50
Дүниежүзілік нашақорлықпен күрес күні шеңберінде онлайн-конференция өткізілді
16.06.2020 ж. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы және білім басқармасы бірлесіп Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Дүниежүзілік нашақорлықпен күрес күнін іске асыру шеңберінде Павлодар облысының НКБ ПД қатысуымен онлайн-конференция өткізілді. Конференцияға нарколог-дәрігер Е. Н. Бодрова және психолог А. А. Небельцова қатысты. Дәрігер-нарколог жасөспірімдер ағзасының дамуына, жасөспірімдер жасындағы психологиялық проблемаларға, өз денсаулығына зиянды көзқарас салдарына қатысты мәселелерді қозғады. Психолог жасөспірімдердің есірткіге қарсы тұрақтылығын қалыптастыру бойынша жалпы білім беру мекемелерінде өткізілетін іс-шаралар мен қауіпті мінез-құлық факторлары туралы айтып берді. Жасөспірімдердің қауіпті мінез-құлқын қалыптастыруға әр түрлі әлеуметтік-мәдени және жеке факторлар әсер етеді, олардың арасында келесі топтарды бөліп көрсетуге болады: - ақпараттану деңгейі; - тұлғалық-психологиялық факторлар; - отбасылық факторлар; - әлеуметтік-мәдени факторлар. Психобелсенді заттарды пайдалануды бастаудың базалық факторлары: - толық емес отбасы; - ата-аналармен өзара түсіністіктің болмауы; - отбасындағы қатыгездік, авторитарлық қарым-қатынас; - ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы эмоциялық байланыстың бұзылуы; - білім деңгейінің төмендігі және ата-аналардың мәдени деңгейінің төмендігі. Семинар соңында қатысушылар тек физикалық, моральдік және зияткерлік жағынан дені сау адамдар ғана өз еліне пайдалы болуы мүмкін деген қорытындыға келді. В заключение участники семинара пришли к выводу, что только люди, здоровые физически, морально и интеллектуально, могут быть полезны своей стране, что каждое новое поколение должно быть здоровее предыдущего, должно избавляться от вредных привычек.