23.06.2020 ж. Медициналық-психологиялық көмек қызметінің психологы А. А. Небельцова Дүниежүзілік нашақорлықпен күрес күні аясында "Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ жеке құрамымен онлайн-семинар өткізді.
Есірткі ұзақ уақыт бойы адамзаттың денсаулығына зақым келтіріп, жыл сайын олардың саны артып келеді, атаулары мен құрамы өзгереді.
Семинар барысында барлық есірткі заттардың орталық жүйке жүйесімен өзара әрекеттесуіне баса назар аударылды.
Кез келген есірткіні қолданған адамда: мидың бұзылуы, ерлер мен әйелдердің жыныстық дамуының бұзылуы, бала туу функциясының жоғалуы, жүрек қызметінің бұзылуы, есте сақтау қабілетінің жоғалуы және психиканың бұзылуы байқалады.