23.09.20ж Медициналық-психологиялық көмек қызметінің психологы А.А. Небельцова Павлодар облысы полиция департаменті білім беру басқармасы және есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, оқу орындарында ПБЗ алдын алу бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін облыстық онлайн-семинар өткізді. Семинарда жасөспірімнің қандай мінез-құлқына назар аудару керектігі туралы ақпарат ұсынылды. Жасөспірімдердің қауіпті мінез-құлқының қалыптасуына әртүрлі әлеуметтік-мәдени және жеке факторлар әсер етеді: отбасылық, жеке психологиялық факторлар, сондай-ақ ақпараттандыру деңгейі. Отбасылық факторлардың әсері толығырақ қарастырылды. Мұғалімдерге ата-аналар арасында жасөспірімдердің ПБЗ алдын-алу бойынша ұсыныстар берілді, өйткені алдын-алудың ерте әдістері өз үйінен басталуы керек және жасөспірімге ең алдымен ата-аналар әсер етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев