контакт:
Қабылдау бөлімі:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Тіркеу орны: 60-43-92
адрес: Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Есірткіге тәуелділіктің алдын алу бойынша тренинг өткізілді
27-09-2021 14:00
Есірткіге тәуелділіктің алдын алу бойынша тренинг өткізілді

27.09.21 Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А.А. Небельцова есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп Павлодар машина жасау колледжінің 1-2 курс студенттерімен есірткіге тәуелділіктің алдын алу бойынша тренинг өткізді. Тренинг барысында балалар есірткіні қолданудың салдары туралы бейнефильмді көрді, сондай-ақ есірткі туралы кең таралған мифтер туралы презентациямен танысты. Полиция майоры И.А. Тимиргалиева есірткінің заңсыз айналымы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы айтып берді. Тренинг соңында балалар өздерін толғандыратын сұрақтар қойып, рөлдік ойын ойнады, ол жастардың есірткіні сынап көруді ұсынған кезде компанияда психологиялық қысымды қалай сезінетінін айқын көрсетті.