контакт:
Қабылдау бөлімі:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Тіркеу орны: 60-43-92
адрес: Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтау
15-12-2021 10:27
 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтау

2021 жылғы 14 желтоқсан күні ШЖҚ «№ 1 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлауға арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. К. Ситказинов адал еңбегі, халықтың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі үшін Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының төмендегі медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттарын табыстады:

Мемлекеттік награда – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі: Психиатр-нарколог дәрігер Жарылғасын Кенжекерейұлы Бектеміров;

Психиатр-нарколог дәрігер Қаламқас Рашидқызы Сармантаева.

ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен:

Психиатр-нарколог Мұхтар Қайырханұлы Маликов.

ҚР ДСМ Алғыс хатымен:

- психиатр-нарколог дәрігер Т.К. Бигелдинов;

- учаскелік медбике - Г. А.Бегимова марапатталды.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз және болашақта кәсіби табыс, мықты денсаулық, өмірдің барлық саласында тек амандық тілейміз!