контакт:
Қабылдау бөлімі:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Тіркеу орны: 60-43-92
адрес: Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
"Халыққа психологиялық көмек көрсету. Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу" тақырыбында семинар өтті.
13-04-2022 10:37

2022 жылғы 14 қыркүйекте Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығында облыс медициналық ұйымдарының психологтары мен әлеуметтік қызметкерлеріне арналған "Халыққа психологиялық көмек көрсету. Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу" тақырыбында семинар өтті. ПОПДО басшысының орынбасары Виктория Ивановна Ефимова қатысушыларды Павлодар облысындағы суицидтік белсенділік бойынша жайтты ашатын, сондай-ақ жағдайды жақсарту бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы талдамалық деректермен таныстырды.

Сенім телефоны бар медициналық-психологиялық көмек көрсету қызметінің психологы Е. А. Глотова "Халыққа психологиялық көмек көрсету. Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу" тақырыбындағы баяндамасында психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерді суицидтік ойлар мен іс-әрекеттерді қалыптастыруға бейім тұратын факторлар туралы хабардар етті. Елена Александровна кез - келген клиенттермен жұмыс жасауда оның өмірден кету туралы қандай да сөздері мен іс-әрекеттері жасырын ойларды көрсетуі мүмкіндігін және осыған аса мән беру керек екендігін атап өтті. Мұндай науқастарға қалай көмек пен қолдау көрсету керек екендігіне ерекше назар аударылды.

Балалар психиатр дәрігері О. В. Тюменцева "Жасөспірім кезіндегі дағдарыс жағдайлары" тақырыбында баяндама жасады. Ол жасөспірім-клиенттермен жұмыс жасауда ескерілуі керек нәрсе - жас ерекшеліктері туралы айтты. Сондай-ақ Ольга Вадимовна балаға қолдау көрсетуге, тірек болу үшін отбасының қаншалықты маңызды екеніне ерекше көңіл аударды, әсіресе өмірдің қиын сәттерінде көңіл бөлуді және жасөспіріммен, оның ата-анасымен сенімді қарым-қатынасты қалай құру керектігі туралы ақпарат беріп өтті.

Семинар соңында ПОПДО басшысы К. О. Иманбеков психикалық денсаулық орталығының және оның құрамына кіретін медициналық-психологиялық көмек қызметінің суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бағытындағы тұрақты ынтымақтастыққа ашықтығы туралы мәлімдеді. Павлодар облысының медициналық мекемелерінің психологтары мен әлеуметтік қызметкерлеріне медициналық-психологиялық көмек қызметінің байланыс нөмірлері мен ақпараттық буклеттер үлестірілді.