контакт:
Қабылдау бөлімі:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Тіркеу орны: 60-43-92
адрес: Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Машина жасау колледжінің, ақпараттық технологиялар колледжінің және технологиялық колледждің 1-2 курс студенттерімен "Жасөспірімнің ағзасына алкогольдің әсері" тақырыбында диалог алаңдары өткізілді
27-10-2022 12:24
Машина жасау колледжінің, ақпараттық технологиялар колледжінің және технологиялық колледждің 1-2 курс студенттерімен
 

2022 жылғы 21 - 27 қазан аралығында Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А.А. Куликова машина жасау колледжінің, ақпараттық технологиялар колледжінің және технологиялық колледждің 1-2 курс студенттерімен "Жасөспірімнің ағзасына алкогольдің әсері" тақырыбында диалог алаңдарын өткізді.

Іс-шаралар алкогольді тұтынудың алдын алу айлығы аясында өткізілді.

Әлемдік деңгейде алкоголь денсаулық сақтау саласындағы ең басым үш мәселенің бірі болып табылады. Жасөспірімдердің алкогольді ішуі көптеген елдерде денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Соңғы зерттеулер бойынша, жасөспірімдер алкогольді тұтынуды ересек өмірдің қалыпты құрамдас бөлігі ретінде қабылдайды және оны әлеуметтік және жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру, құрдастарымен қарым-қатынасты жақсарту және жаңа байланыстарды қалыптастыру үшін пайдаланады.

Диалог алаңы барысында алкогольді тұтынудың медициналық салдары ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік, қаржылық, құқықтық салдары да белгіленді.

Іс-шара соңында жасөспірімнің ағзасы үшін алкогольді ішудің салдары қандай болатыны туралы бейнефильм көрсетілді.