2023 жылғы 12 мамырда ШЖҚ "Павлодар Жоғары медициналық колледжі" КМК-да медбикелер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арыстанова Сәуле Ескендірқызы құттықтау сөз сөйледі.
Медицина қызметкерлеріне салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Мейірбике күнін мерекелеуге байланысты Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А. К. Арыстанова Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының келесі медбикелеріне белсенді өмірлік ұстанымы, жоғары кәсібилігі және денсаулық сақтауды дамытуға қосқан жеке үлесі үшін алғыс хаттар табыс етті:
1. Шуга Бектасовна Тапалчинова -невротикалық бұзылулар бөлімшесінің аға медбикесі;
2. Наталья Владимировна Ракимова -наркологиялық қызметтің № 1 мәжбүрлеп емдеу бөлімшесінің палаталық медбикесі;
3. Дина Жумабаевна Мухтарова -Екібастұз өңірі бойынша бөлімшенің аға медбикесі.
Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен лаборант- Галина Геннадьевна Галко марапатталды.
Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының ұжымы өз әріптестерін марапаттарымен шын жүректен құттықтайды.