05.09.2023 ж. Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А.А. Куликова Павлодар қаласының Отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне темекі шегудің және электрондық темекі тұтынудың алдын алу бойынша тренинг өткізді.
Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында темекі шегу денсаулық сақтау мен бүкіл қоғамның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Жасөспірімдер арасында темекі шегу бүкіл ұлттың жалпы денсаулығының төмендеуіне әкеледі.
Жасөспірімдер арасында темекі шегудің негізгі себептерін ажыратуға болады:
Темекі шегетін ата-аналар, достар;
Құрдастардың әсері мен қысымы;
Ересектерге, достарға және кумираларғаеліктеу;
Стрессті жеңілдету;
"Күшті"болып көріну,басқаларданерекшелену;
Тәуелсіз және ересек болып көрінуге деген ұмтылыс;
Темекінің қол жетімділігі;
Жарнаманың әсері.
Темекі шегудің ерте басталуы жасөспірімдерде тұрақты никотинге тәуелділікті қалыптастырады, одан кейін одан құтылу қиын. Жасөспірім кезінде бүкіл дененің қарқынды өсуі байқалады және темекі шегу оның қарқынын айтарлықтай баяулатады.
Ағзаның көптеген функциялары мен жүйелері ешқашан табиғатқа тән деңгейге жете алмайды. Темекі шегуді өте ерте бастаған жасөспірімдерде бойының өспей қалуы, кеуде қуысы дамымауы, бұлшықет күшінің әлсіреуі байқалады.
Тренинг соңында темекіні, соның ішінде электронды темекіні қоғамдық орындарда шегудің құқықтық мәселелері талқыланды.