контакт:
Қабылдау бөлімі:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Тіркеу орны: 60-43-92
адрес: Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қызылша
22-11-2023 15:45
Қызылша
Қызылша (morbilli) – жоғары қызба, терідегі бөртпе, жалпы уландыру (интоксикация) белгілерімен қоса, жұтқыншақтың шырышты қабатының, конъюнктиваның және тыныс алу жүйелерінің қабыну- зақымдалуымен көрінетін өте жұқпалы жедел вирусты инфекция.
 
Қызылша – ауа тамшылы жолмен тез тарайды. Қызылшаға екпе алмаған адам науқаспен қысқа уақытта байланыста болса да жұқтыру қаупі өте жоғары. Бұл вирус ауа арқылы тез таралуына байланысты, науқас адаммен тікелей байланыста болмасаңыз да, инфекцияны жұқтыру науқаспен бір бөлмеде аз уақытта болудың өзі жеткілікті.
 
Әрқашан инфекция көзі-ауру адам болып табылады, әсіресе бөртпе пайда болған кезден бастап, бөрпе дамуының 4-ші күніне дейін қоршаған ортаға қауіпті және сол күннен бастап адам жұқпалы емес деп есептеледі.
 
Қызылша 5 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Қызылшаға қарсы екпе алмаған ересектерде жұқтыру қаупі өте жоғары және ауру балаларға қарағанда ауыр түрде өтеді. Көктемгі-қысқы кезеңде аурудың өршуі байқалады, ал тамыз және қыркүйек айларында төмен болады. Аурудан соң, қанда қызылшаға қарсы антиденелер түзіліп, тұрақты өмір бойы иммунитет сақталады.
 
1 жасқа дейінгі нәрестелер іс жүзінде қызылшамен ауырмайды, өйткені анасынан алынған антиденелер олардың қанында қалады, бірақ жыл өткен сайын олардың саны азаяды, сәйкесінше вакцинациясыз аурудың даму қаупі артады. Жүкті әйел жұқтырған кезде вирус плацента арқылы ұрыққа және туа біткен қызылшаның дамуына әкелуі мүмкін.
 
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ:
Қызылшаның алдын алуда тиімді де сенімді шаралардың бірі – екпе (вакцина). Қызылшадан егілу сақтану иммунитетін қалыптастырады. Бірінші екпе бала 1 жаста, екінші екпе бала 6 жаста болғанда жүргізіледі. Екпе 15 жыл бойы тұрақты, сақтау тиімділігін қамтамасыз етеді. Екпе алмаған жағдайда жұқтыру қаупі өте жоғары екенін тағы да ескертеміз.