2015 жылдың 7 сәуірінде №3 Павлодар қалалық ауруханада дүниежүзілік денсаулық күні шеңберінде «Мен салауатты өмір салты үшін» атты ұранымен шаралар өтеді.
ДДҰ мамандарының пікірі бойынша, адам денсаулығы 50% өмір салтына, 20% - тұқым қуалаушылыққа, 25% - экологияға және 8-12% - денсаулық жүйесінің жұмысына байланысты болып келеді.
Денсаулықтың негізін қалыптастыру және бекіту салауатты өмір салты. Ал салауатты өмір салты өз кезегінде жануардан пайда болған аз майы бар тамақтануымен, ас тұзының мөлшерін азайту, қанты төмен бар азық-түліктерді, сондай-ақ азық-түліктердің қауіпсіздігін болжайды.
Қауіпсіз тамақтану принциптеріде сақталу керек: азық-түліктердің тазалықта сақталуы, шикі азық-түліктердің жылуға ұшырап өндірілген азық түліктерден бөлу, азық-түліктердің әбден өндірілуі, қауіпсіз су мен қауіпсіз шикі азық-түліктерді пайдалану, алкогольды ішімдіктерді азайту, дене салмағын демдеу, үнемі дене жаттығуларын орындау, күйзеліс деңгейін төмендету.
Осылайша, денсаулықтың ұзақтығы, белсенділігі әр қайсымызға байланысты. Дүниежүзілік денсаулық күніне дайындалу шеңберінде №3 қалалық ауруханада диабет мектебінің жұмысы белсендейді, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, әлеуметтік-маңызды аурулар және психобелсенді заттар бойынша ақпараттық білім беретін материалдар таратылуы ұйғарылуда, бөлімшелерде емделушілермен әңгімелер жүргізіледі.
К. Апаев