контакт: қабылдау бөлімі 8(7187)34-76-27 тел. 8(7182) 65-22-28 ekb_polik@mail.ru
адрес: Екібастұз қ. Энергетиктер к.,109
ӨЗІҢІЗДІ ТУБЕРКУЛЕЗДЕН ҚОРҒАҢЫЗ! СЕН ТУБЕРКУЛЕЗ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІҢ КЕРЕК?
03-03-2022 07:05

Туберкулез –қауіпті жұкпалы дерт, оны дұрыс және уақытымен емдесе ,  толығымен емделеді.

Өкпе туберкулезімен ауыратын адам емделмесе, жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлегенде микробтарды таратып, сау адамдпрға дертті жұқтырады.

 

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ҚАНДАЙ БЕЛГІЛЕРІН БІЛУІҢ ҚАЖЕТ?

Туберкулез жиі өкпені зақымдайды.

Туберкулездің алғашкы белгілері:

-2 аптадан астам жөтелу

- Әсіресе түн мезгілінде қатты терлеу

- Дене қызуының көтерілуі

- Дене салмағының төмендеуі

- Тәбеттің болмауы

- Жалпы қалжырау, әлсіздік

- Кеуденің шаншуы

Туберкулездің алғашкы белгілері байқалса – шұгыл медицина қызметкеріне көрін. Туберкулезді емдеу- тегін. Туберкулез емделеді!

 

ТУБЕРКУЛЕЗДЕН ӨЗІНДІ КАЛАЙ ҚОРҒАУ КЕРЕК?

 

Туберкулезбен ауыратын науқастан туберкулез бактериялары жөтеленде, түшкіргенде, сөйлегенде ауамен таралуын білу керек. Сау адам ластанған ауамен микробтарды бірге жұтады.

 СОНДЫҚТАН:

  • Салауатты тамақтанып және спортпен шұғылданып, иммунитетіңді нығайт.
  • Бөлмені үнемі желдетуді қадағала.
  • Жөтелгенде және түшкіргенде аузыңды қалқала.
  • Есіңде болсын, алкогольді, есірткілерді және темекіні қолдану туберкулезді жұқтыру қауіпін арттырады.

 

ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ СІЗДІ ҚОРШАҒАН АДАМДАРДЫ  ҚОРҒАҢЫЗ ЖӘНЕ ӨМІРІҢІЗДІҢ БАҒАЛЫ ЕКЕНІ ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

 

Медбике СӨС                                                            Ж.Кабиева

ШЖҚ  «Екібастұз қ.№ 2 емханасы»КМК