Туберкулез дегеніміз не?
Туберкулез – бұл әлемде өте кең тараған жұқпалы ауру. Бұдан басқа, ол әлеуметтік мәні бар ауру болып табылады. Аурудың себебі науқас адамнан ауа тамшылы жолмен ( жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде) жұғатын туберкулездің микробактериялары болып табылады. Көбінесе өкпе (өкпе нысаны) зақымданады және сирек жағдайларда: сүйек-буын жүйесі, лимфа түйіндері, бүйрек, көз және басқа да органдар( өкпеден тыс түрі). Тағы бактерия бөлінуі бойынша науқастарды айырады: ТМБ (+) - оң нәтижелі қақырық (ашық түрі), ТМБ(-) - теріс нәтижелі қақырық (жабық түрі).
Туберкулездің белгілері қандай?
Аурудың негізгі белгісі бұл - 2 аптадан артық жөтел және қосымша белгілері: кеуде тұсының ауруы, салмақ тастау, тершеңдік, ентігу, қан түкіру, әлсіздік және тез шаршағыштық және т. б. Аурудың белгілерін білу ауруды ерте анықтау үшін көмектеседі . Бұл емдеу үшін өте маңызды болып табылады, себебі ауруды дер кезінде анықтау қысқа мерзім ішінде асқындырмай одан жазылуға мүмкіндік береді. Бұл симптомдар тыныс алу органдарының басқа ауруларының белгілері болуы мүмкін. Бірақ, бұл туберкулез емес деп ойлап, өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз. Сіз міндетті түрде емханаға учаскелік дәрігерге жүгінуіңіз керек.
Ауруға не ықпал етеді?
Тәуекел факторлары:
1. Темекі шегу және алкогольді пайдалану.
2. Толыққанды, үйлесімді тамақтанбау.
3. Туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста болу.
4. Ілеспе аурулар (АИВ-инфекциясы, қант диабеті, нашақорлық, созылмалы тыныс алу органдарының аурулары, психиатр есебінде тұрған науқастар және иммуносупрессивтік терапия қабылдайтын науқастар және т. б.).
5. Төмендетілген иммунитет.
6. Үйлерде және пәтерлердегі дымқыл.
7. Баспанасыз адамдар.
8. Бас бостандығынан айыру орындарында болу.
Кім туберкулезбен ауруы мүмкін?
Туберкулезбен кез-келген жастағы және жынысына қарамай, ерлер мен әйелдер, балалар мен жасөспірімдер, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін адам ауруы мүмкін.
Туберкулезді қайдан жұқтыруға болады?
Туберкулезді кез келген жерде жұқтыруға болады: дүкендерде, автобустарда, үйде, қонақта, жұмыста, халықтың көп шоғырланған орындарында және т. б.