контакт: приемная 8(7187)34-76-27 тел. 8(7182) 65-22-28 ekb_polik@mail.ru
адрес: г. Экибастуз, ул. Энергетиктер, 109
Туберкулезден өзін-өзі қалай қорғауға болады?
03-03-2022 07:14

1. Балаларды туберкулезден туғаннан бастап БЦЖ вакцинасы көмегімен қорғауға болады. Вакциналау перзентханада, туғаннан кейін алғашқы  1-4 күнде  жүргізіледі.  БЦЖ вакциналаудан кейін  балада  оны туберкулез ауруынан қорғайтын туберкулезге қарсы  иммунитет қалыптасады.  Вакциналанбаған балаларда  науқаспен байланыста болған кезде туберкулездің ауыр түрімен сырқаттану тәуекелі артады. БЦЖ қайталап егу  6-7 жаста жүргізіледі.

2. Ересектерде туберкулездің алдын алу денсаулық жағдайына қарамастан, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан  жыл сайын  өкпе флюорографиясын өту болып табылады.  Бұл ауруды  ерте анықтауға мүмкіндік береді. Өкпе флюорографиясы  сіз тіркелген емханада жүргізіледі. Зерттеуге жолдауды  дәрігерден немесе мейірбикеден ала аласыз.

3. Туберкулезбен ауыратын науқасты уақытында анықтағаннан кейін , оны дереу оңашалау керек.

4. Иммунитетті  нығайту керек.

Сізге не білу қажет?

- Туберкулез емделеді.

- Туберкулезді зерттеу және емдеу тегін.

- Егер Сізде немесе сіздің туысқандарыңызда туберкулез белгілері болса,  дереу учаскелік дәрігерге хабарлаңыз.