контакт: приемная 8(7187)34-76-27 тел. 8(7182) 65-22-28 ekb_polik@mail.ru
адрес: г. Экибастуз, ул. Энергетиктер, 109
Артериялдық гипертензия-қан қысымының 140/90мм с.б. және одан жоғары көтерілуіне байланысты ауру.
27-09-2016 09:00

Бұл ауру жүректің, мидың,бүйректің ұауіпті асқынған дерттеріне: инфаркт, инсульт,бүйректің қауіпті дерттеріне, соқырлыққа әкеліп соғуы мумкін.

Күніне 3 рет 30-40 мин-тан денешынықтыру жаттығуларын жасаса, АГ-ның алдын алуға болады.

Үнемі дене шынықтырудың арқасында:

-Жүрек және жүрек-тамыр жүйкелерін нығайтады.

-Қан жүрісін жақсартып,тіндерге оттегінің түсүін жақсартады.

-Жүрек қызметінің жеткіліксіздігін азайтады.

-Төзімділікті арттырады.

-Организмнің энергетикалық ресурсын арттырады.

-Бұлшық еттердің күш-қуатын күшейтеді.

-Сүйекті қатырады. Буындардың иілгіштігін жақсартады.

-Артық салмақты азайтып ,арықтайды.

-Өмірдің қиыншылықтарына төзімділікті арттырады.

-Ұйқыны жақсартады.

-Келбетті келістіреді және көңіл –күйді жақсартады.

АГ алдын алу үшін спорттың мына түрлерін ұсынамыз:

-Таңертеңгі гимнастика

-Баяулап жаяу жүрү,біртіндеп жылдамдықты және арақашықтықты ұлғайту (3 км-ді 30 минутта).

-Баяу желе –жүгіру (30минут).

-Суға жүзү жұмасына (3 рет 1сағ).

-Велосипед тебу (30мин-та 8 к.

-Шаңғы тебу және басқалар.

-Билеу.

Есіңізде болсын!

-Егер сіз бұрын күнделікті тұлғалық жаттығулармен шұғылданбасаныз,дене шынықтару көлемін біртіндеп көбейтіңіз.

-Тамақтан кейін бірден жаттығулар жасамаңыз (1-1,5сағаттан кейін бастаңыз).

-Негізгі тұлғалық жаттығуларға кіріспес бұрын 10 мин.бұлшық еттерді қыздыратын арнаулы жаттығуларды, соңында тағыда 10мин.бұлшық еттерді босаңсырататын жаттығулар жасаңыз.

-Жаттығу кезінде алқынбай сөйлесу үшін, жаттығуларды белгілі бір шапшандықта жасуға тырысыңыз.

Дене белсенділігі –келбеттің келістілігімен қатар, деннің саулығы!

Медбике СӨС Ж. Кабиева

ШЖҚ «Екібастұз қ.№ 2 емханасы»КМК