Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына ықпалын тигізеді. Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылуына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Дұрыс тамақтанудың ережелері:
- тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек;
- тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн.
- таңертенгі асты мұқият қабылдау. егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді.
Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (ақуыз, көмірсу, май) болуы тиіс.
2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
3. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
4. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.
Тамақтану адамның өмірлік қажеттілігі және денсаулық кепілі. Ас - адамның арқауы, ағза дене жүктемесіне ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қант диабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдын алу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.
Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спортпен шұғылдану, күйзеліспен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тән мен жаны жас, белсенді болып жүруіңізге болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев