Күн мен түннің теңелуі болып есептелетін көктемнің ұлттық мерекесі - Наурыз күнін мерекелеу қарсанында емхана қызметкерлері емделушілерді айырықша ықылыспен, жылы жүздерімен ерекше қарсы алды. Емделушілерге арнайы ұлттық тағамымыз Наурыз көжеден дәм татқызып, ыстық бауырсақтарды тарата отырып, қадірлі қонақтарға жылы қабылдау ұйымдастырылды.
Наурыз ұлттық мерекесіне орай емханада салтанатты мерекелік іс-шаралар ұйымдыстырылды: емхана қызметкерлері арасында ойындар ойналды, би билеу, ән айту, сонымен қатар білгір қатысушар үшін арнайы сыйлықтармен марапаттаулар орын алды.