уберкулез көбіне тыныс алу мүшелерін (ең бастысы өкпе мен бронхты) зақымдайды, бірақ басқа да мүшелерді зақымдауы мүмкін, мысалы, сүйектер мен бұлшықеттер. Осы айырмашылықтарына қарай туберкулездің екі негізгі түрі бар: өкпе туберкулезі және өпеден тыс туберкулез.
Өкпе туберкулезі ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтеді және флюорография немесе кеуде жасушасын рентген суретіне түсірген кезде анықталады.
Туберкулездің белгілері
Аталғандардың бір белгісі немесе екі немесе үш белгісі болуы мүмкін. Міндетті емес белгілердің бірі жөтел болады.
Үш аптаның ішінде жоғарыда аталғандардың біреуі сақталған кезде бірден терапевт немесе фтизиатр дәрігерге шұғыл бару керек.
Туберкулезді ерте анықтау және дұрыс емдеу кезінде жұқтырған адамдар бактерия таратуды тоқтатады және емделуі мүмкін.
Ауру қалай таралады
Халық үшін негізгі қауіп өкпе туберкулезі, өйткені ауруды тарату жолы –ауа-тамшы арқылы. Дені сау адам туберкулезбен ауыратын науқас жөтелген, түшкірген және онымен сөйлескен кезде жұқтыра алады.
Туберкулездің ашық түрімен ауыратын бір науқас 24 сағат ішінде он миллиард бактерия бөледі, жөтелген кезде ауа арқылы таралады және қоршағандарға жұқтырады.
Туберкулезбен ауыратын жануарлардан сүт өнімдерін пайдалану кезінде болмашы жұқтыруы мүмкін.
Туберкулез:
Туберкулезбен кім ауруы мүмкін?
Туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыста болған кез келген адам туберкулезбен ауруы мүмкін. Байланыстың жақын болғанына қарай, ауру қауібі жоғары болады. Негізінен, туберкулездің дамуына ағзаның қорғаныш күштерінің азаюы әсер етеді: басына түскен қатты ауру, дұрыс тамақтанбау, күйзелісті жағдайлар, АИТВ-инфекция. Туберкулезді әсіресе мектеп жастағы балалар мен егде адамдар қабылдағыш. Бірақ туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыс жасаған адамдардың барлығы ауырмайды. Ағзаны қорғауға және сол немесе басқа аурулардың пайда болуыны иммунитеттік жүйе жауап береді. Туберкулездің дамуы мен өршуі ағзаның әлсіз иммунитеттік жүйесінің нәтижелері болып табылады.
Туберкулезді дамытуға әсер ететін факторлар:
Негізгі фактор – иммунитеттің азаюы, оның себептері:
Туберкулезбен ауырмау үшін не істеу керек
Салауатты өмір салты!
Егер бала Манту сынамасын бағалау нәтижесі бойынша жұқтырса, аурудың анықтау үшін оны туберкулезге қарсы диспансерде қосымша тексереді және алдын алу мақсатында, ауру дамымау үшін ем тағайындайды. Жұқтырған балаларға профилактикалық ем міндетті түрде жасалады, ол туберкулез талшықтарының көбеймеуін тоқтатады және аурудың дамуын ескертеді. Шипажай және амбулаториялық түрдегі бейінді балалар мекемелерінде профилактикалық ем жасалады. Жұқтырған балаларда аурудың пайда болу қауібі профилактикалық ем жасаған кезде біршама азаяды. Әсіресе қауіп тобына туберкулезбен ауыратын ата –аналары немесе туыстарымен байланыста болған балалар кіреді.
… емдеу туралы бірнеше сөз
Ауыр антибиотиктер қабылдау керектігіне, жанама әсер болатынына қорықпаңыз. Қазіргі заманғы жағдайда, әсіресе ауру уақытылы анықталған жағдайда туберкулез жақсы емделеді,. Ең бастысы емді үзбеу, себебі дәрі-дәрмекпен емделмеу, туберкулездің ауыр, емге қонбайтын, орнықты дамуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Үйіңізде туберкулезбен ауыратын адам болса, не істеу керек?
Туберкулез талшықтарын бөлетін науқас мамандандырылған ауруханада емделеді. Ем ұзақ болады, бірақ ол туберкулезді жеңудің қажетті шарты болып табылады.
Науқасқа үйде болуға, яғни амбулаториялық жағдайда емделуге рұқсат берсе, онда ол дәрілік заттарды жиі қабылдауды жалғастыруы тиіс. Бұл кезеңде жақын адамдардың қолдауы аса маңызды. Оның үйде болуына жағымсыз көзқарасыңызды көрсетпеңіз. Оның өзіне сырқаттану күйзеліс жағдай болып табылады, әсіресе жақын адамдардың оған деген ашықтан- ашық сақтық қатынастары қосымша психологиялық зақым болады.
Науқасқа осы ауыр кезеңде отбасының барлық мүшелерінің қолдайтынын білдіріңіз, бірақ отбасы мүшелеріне жұқтырмау үшін дәрігердің нұсқаулықтарын қадағалау және қауіпсіздік шараларын қолдану қажет.
Ол үшін:
Науқаспен байланыс жасаған барлық отбасы мүшелері, сонымен қатар адамдар туберкулезге жиі тексерулері керек. Демалу, еңбек ету режимін дұрыс қадағалағалаған, дәрігердің барлық нұсқаулықтарын орындаған жағдайда науқас тағы аман болады