А гепатитінің алдын алу шаралары:
- тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда, серуендегенде қолыңызды жуыңыз;
- ашық су қоймаларынан қайнатылмаған су ішпеңіз және онымен жемістер мен көкөністерді жууға болмайды;
- ағынды сулар кіруі мүмкін су айдындарында шомылуға болмайды;
- адамдар орналасқан үй-жайларды: үйлерді, жұмыста, қоғамдық тамақтану, сауда, коммуналдық, өнеркәсіптік үй-жайларды таза ұстауға;
- экзотикалық тағамдарды, әсіресе шикі устрицаларды, мидияларды, моллюскаларды тұтынудан аулақ болыңыз.
А вирустық гепатитінің алдын алу үшін нақты профилактика бар – вакцинация. Вакцинациялауға: 1) екі жастағы балалар; 2) он төрт жасқа дейінгі А вирустық гепатиті ошақтарындағы байланысқан адамдар, байланысқан күннен бастап алғашқы екі аптада; 3) ремиссия кезеңінде В және С созылмалы вирустық гепатиттерімен ауыратын он төрт жасқа дейінгі балалар жатады.