Бала емізудің ана үшін пайдасы:
- Жүктіліктен кейін салмақ тез қалыпқа келеді;
- Окситоциннің бөлінуіне әсер етеді, ал ол жатырдың тез жиналуына ықпал етеді;
- Баламен эмоционал байланыс орнатып, күйзеліс деңгейін төмендетеді;
- Лактацияның тезірек қалыптасуына әсер етеді және емізу уақытын 4 айға дейін ұзартады;
- Омырау және аналық без обыры, қант диабеті, артериалды гипертензиямен сырқаттану қаупін азайтады;
- Экономикалық тұрғыдан да тиімді: ана сүті кез келген жасанды қоспадан құнарлы және арзан, әр уақытта дайын тұрады.
Бала үшін пайдасы:
- Құрамында сәбиге қажет барлық құнарлы зат бар ең керемет өнім. Атап айтқанда, ана сүтінде баланың иммунитетін қалыптастыруға атсалысатын пребиотиктер мен пробиотиктер, балаға энергия беріп, оның миының дамуына әсер ететін ерекше майлар, лактоза, ақуыз, нуклеотидтер мен дәрумендер, минералдар бар;
- Баланың физикалық тұрғыда дұрыс дамуына ықпал етіп, шектен тыс семіру мен артық салмақтың алдын алады;
- Бала психикасының, интеллектінің дамуына және оның анасымен психикалық байланыс орнатуына әсер етеді;
- А иммуноглобулинінің әсерінен барлық инфекциялық аурулардан қорғайды. Мысалы, егер ана желшешекпен ауырған болса, бала да анасының сүтінен желшешекке қарсы иммунитет алады. Айналасында барлығы желшешекпен ауырып жатса да, еміп жүрген кезде бала ауырмайды;
- Аллергиялық аурулардың даму қаупін азайтады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев