МСАК ұйымы пациентке өз бетінше жүгінген кезде, телефон байланысы арқылы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы "дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызметін ұсынады. Жеке басты куәландыратын құжаттар не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) туралы мәліметтерді МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамалары, нысаны, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген. Пациенттің МСАК ұйымына өз бетінше немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде МСАК мамандары "Дәрігерге қабылдауға алдын ала жазылу" журналына жазба енгізеді және дәрігерді қабылдау кестесіне сәйкес Дәрігерді қабылдаудың бос уақыты мен күнін көрсете отырып, ауызша нысанда жауап береді. Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде пациентке "жеке кабинетке"электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама келіп түседі. "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұрау салу қабылданғаннан кейін пациентке медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі. МСАК ұйымы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында ақпараттық жүйеге "дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызметін көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев