
Қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау жалғасуда.
15.01.2025 ж. Екібастұз қаласының № 22 мектебінде №3 емхананың егу бригадасы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация жүргізді.
Вакцинация ата-анасының (заңды өкілінің) жазбаша келісімі бойынша жүргізіледі.
Вакцинация алдында міндетті түрде дәрігердің тексеруі жүргізіледі. Тексеруді жалпы практика дәрігері Ж. Сайдазимов жүргізді.
Егу медбикесі Вибе А. Д.
Вакцинациядан кейін 30 минут ішінде егілгендерге бақылау жүргізіледі. Вакцинация мектепте немесе емханада өз қалауы бойынша жүргізіледі.