«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығының 2-тармағына, Павлодар облысының қаржы басқармасының 2024 жылғы 01 сәуірдегі №169 бұйрығымен бекітілген Жарғының 26-тармағын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүзеге асырудың тиімділігін арттыру мақсатында
Бұйырамын:
- ШЖҚ «Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК қызметінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4типтік негізгі бағытын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды 2025 жылғы маусым айында жүргізілсін. Талдау жүргізу кезеңі 01.01.2025-01.06.2025 жыл.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізу үшін келесі құрамда жұмыс тобы құрылсын:
- Ж.К.Есмагамбетова- басшының орынбасары, комплеанс-қызметтің төрағасы, жұмыс тобының басшысы
- Н.Н. Тукаева-Андреева– заңгер, комплаенс-қызметтің мүшесі
- М.Т. Дюсенбаева– №1ЖДТБ аға медбикесі, комплаенс-қызметтің мүшесі
- Жұмыс тобы Қазақста нРеспубликасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгі қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша талдау жүргізсін:
- емхананың қызметін қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
- Емхананың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге басшылық, үйлестіру және жауапкершілік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің төрағасы Ж.Қ.Есмағамбетоваға жүктелсін.