Жиі қойылатын сұрақтар
1. Қосымша иммундау қашан жүргізіледі?
15-19 жастағы адамдарды қызылша ауруына қарсы қосымша иммундау Қазақстанның барлық аймақтарында 2015 жылы қазан айының 1-нен бастап жүргізіледі.
2. Қосымша иммундау не үшін жүргізіледі?
Республика аймағында қызылша ауруының өршуі жалғасуда. Адамдар арасында қызылша ауруына қарсы егілмеген немесе толық егілмеген топтар бар. Бұл балаларын қызылша жұқпасына қарсы егуден бас тартушы ата – аналардың көбеюінен болып отыр. Қызылша ауруынан қорғанудың бірден – бір жолы ол егілу болып табылады. Қызылшаға қарсы қосымша иммундау қызылша ауруынан қорғайды және төмендегі асқынулардың дамуын болдырмайды:
•соқырлық
•энцефалит (бас миының қабынуымен жүретін инфекция), оның салдары психиканың бұзылысына, ақыл естің артта қалуына, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғады.
•соңы сусыздануға әкеп соғатын ауыр диарея
•құлақ инфекциясы
• пневмония сияқты ауыр респираторлық инфекциялар.
3. Қосымша иммундауды жүргізу, Қазақстанда қызылшаға қарсы жоспарлы егу жұмыстарының тиімсіздігін білдіреме?
Жоқ, жоспарлы егу тиімді. Жоспарлы егудің арқасында республикада соңғы жылдары қызылша ауруының он мыңдаған жағдайларынан бірлі жарым жағдайға дейін төмендеді. Тек қосымша иммундаудың арқасында ғана, 2005 жылы қызылшаның 16 мың жағдайға дейін тіркелген өршуі тоқтатылды. Әрбір қосымша иммундаудың мөлшері иммунитетті нығайтады.
4. Неге біз 15-тен 19 жастағы адамдарды егеміз?
Қызылша ауруының жоғары деңгейі 15 жаспен одан жоғары жастағы тұрғындар арасында байқалады. 15-19 жастағылар ең осал топтар – бұл мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының/ орта оқу орындарының (ЖОО/ООО) студенттері, әскерге шақырылушылар және басқада тұрақты ұйымдасқан ұжымдарда тұратын, мұнда қызылшаның таралу және жұқтыру қауіпі жоғары болып табылады.
5. Жасөспірімдерді қызылшаға қарсы егу қайда жүргізіледі?
Қосымша иммундау жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының (селолық дәрігерлік амбулаторияларда, телімдік, аудандық орталық және қалалық емханалар мен ауруханаларда) егу кабинеттерінде және білім беру ұйымдарында (мектеп, ЖОО және ООО)жүргізіледі.
6. Егу ақылы түрде жүргізілеме?
Жоқ, қызылшаға қарсы егу қызметі тегін болып табылады.
7. Қызылшаға қарсы қосымша егу туралы ақпараттарды қайдан алуға болады?
Сіз қосымша ақпараттарды тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің сайтынан, облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінен, жергілікті тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларынан және облыстық денсаулық сақтау басқармасынан, санымен қатар өзіңіздің жергілікті емханаларыңыздан (амбулаториялардан) алуға болады. Қарақия Аудандық Орталық ауруханасының сенім телефоны: -5-26-07,сайты : www.srb-karakiya.kz
Сенім телефондары: 8 (7292) 30-20-35
8 (7292) 40-03-90;
8 (7292) 50-51-38.
www. kzpp.gov.kz
www¬¬¬.dsb.mangystau.kz
8. Қызылша деген не?
Қызылша - вируспен шақырылатын жедел жұқпалы ауру.
Қызылша белгілері – жоғары температура, денеде бөртпелердің пайда болуы және бас ауру, жөтелу қосылуы мүмкін.
Қызылша ауруымен ауырған науқаспен қарым – қатынаста болған екпесі жоқ адамның барлығы ауырады. Аурудың ауыр ағымы кезінде науқас өліп кетуі де мүмкін.
9. Қызылша қалай таралады?
Қызылша вирусы науқастан сау адамға сөйлесу, жөтелу, түшкіру, тікелей және жанама қарым – қатынаста болғанда жұтқыншақ немесе мұрын бөлінділері арқылы және жұқтырылған бөлмеден шыққан соң да беріледі.
10. Қызылшаны қалай болдырмауға болады?
Қызылшаны тек қызылшаға қарсы егілудің көмегі арқылы болдырмауға болады. .
11. Қызылшаға қарсы егілу қауіпсіз болып табылама?
Ия – қызылшаға қарсы вакцина қауіпсіз және тиімді, қызылшаның алдын алу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тағайындалған. Вакцина өнімі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Қызылшаға қарсы вакцина әлемдегі 45 елдерде, соның ішінде Ұлыбритания, Ресей, Швейцария, Нидерландия, Франция, Германия және басқада Еуропа мемлекеттерінде қолданылған.