Сіреспе — кішкентай жарақат, үлкен қауіп
Сіреспені Clostridium tetani (сіреспе таяқшасы) бактериясы тудырады. Жараның оттегісіз ортасында бұл бактерия токсин бөліп шығарады. Сол токсин жүйке жүйесін зақымдап, қатты тырысуларға, бұлшықеттердің түйілуіне, жұтынудың қиындауына және бүкіл дененің сіресуіне әкелуі мүмкін.
Сіреспе ағзаға кесік, сызат, күйік, шаншу және терідегі басқа да зақымдар арқылы түсуі мүмкін. Тіпті кішкентай жарақаттың өзі қауіпсіз дегенді білдірмейді. Сіреспе таяқшасының споралары қоршаған ортада (топырақта, шаңда) тіршілік етеді.
Сіреспе адамнан адамға жұқпайды. Бірақ онымен кез келген адам ауыруы мүмкін.
Есте сақтайтын ең маңызды нәрсе — сіреспенің алдын алуға болады. Оның ең сенімді қорғанысы — вакцинация.
Ал жарақат алған жағдайда жараны дереу өңдеп, уақытылы медициналық көмекке жүгіну маңызды.
Сіреспенің белгілері, асқынулары және алдын алу жолдары туралы толығырақ карточкалардан оқи аласыз.




@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя