контакт: 8(71834)91369 uspenka-crb@yandex.ru
адрес: Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен а., Абай көшесі, 99
«Бірыңғай терезе» жұмыс істеп тұр: Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды цифрлық тіркеу жүйесі алғашқы нәтижелерін көрсетуде 2025 жылғы қыркүйектен бастап өтініш берушілер өзара байланысты рәсімдерді бірыңғай цифрлық жүйе арқылы жүргізуде
10-08-2026 16:31

«Бірыңғай терезе» жұмыс істеп тұр: Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды цифрлық тіркеу жүйесі алғашқы нәтижелерін көрсетуде
 
2025 жылғы қыркүйектен бастап өтініш берушілер өзара байланысты рәсімдерді бірыңғай цифрлық жүйе арқылы жүргізуде. Бүгінде нақты өтінімдер келіп түсіп, сараптама жүргізіліп, жекелеген өтініштер бойынша шешімдер қабылдануда.
 
Қазақстанда 2025 жылғы қыркүйектен бастап дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша тіркеудің цифрлық тетігі жұмыс істейді. Бүгінде оның жұмысының практикалық нәтижелері туралы айтуға болады: бірыңғай жүйе арқылы өтінімдер қабылданып, құжаттарға сараптама жүргізілуде, ал жекелеген өтініштер бойынша шешімдер қабылданып үлгерді.
 
Жаңа тәсілдің басты артықшылығы – өтініш берушіге өзара байланысты рәсімдерден өту үшін әртүрлі сервистерге жеке-жеке жүгінудің қажеті жоқ. Бірыңғай цифрлық жүйе өтініш беруден және құжаттарды тексеруден бастап кейінгі сараптамаға дейінгі процестің бірізді бағытын қалыптастырады.