контакт: 8(71834)91369 uspenka-crb@yandex.ru
адрес: Павлодар облысы, успен ауданы, Успен а., Абай көшесі, 99
Жарғы
27-01-2020 13:13

Павлодар облысы қаржы басқармасының

2018 жылғы 08 қараша

№ 29 бұйрығымен

бекітілген

Павлодар облысы әкімдігінің

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының

шаруашылық жүргізу құқығындағы

«Успен аудандық ауруханасы»

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының

ЖАРҒЫСЫ

 

  1. Жалпы ережелер

1.Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Успен аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі — Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

  1. Кәсіпорын Павлодар облысыны денсаулық сақтау Департаметінің 1999 жылғы 2 ақпан айындағы «Павлодар облысы денсаулық сақтау жүйесінде бюджеттік денсаулық сақтау мекемелерін қайта құру және жаңа заңды тұлғалар құру туралы» № 44 бұйрығына сәйкес және Павлодар облысының әкімдігінің 2018 жылдың 4 қазан айындағы «Павлодар облысының кейбір медициналық ұйымдарын қайта атау туралы» № 345/6 қаулысына сәйкес құрылды.
  2. Жергілікті атқарушы орган – Павлодар облысының әкімдігі Кәсіпорынның құрылтайшысы болып табылды.
  3. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын жергілікті атқарушы органы – Павлодар облысы әкімдігі жүзеге асырады.
  4. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын органы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы болып табылды (бұдан әрі-Басқару органы).
  5. Мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік тілдегі атауы: Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Успен аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Мемлекеттік кәсіпорынның орыс тілдегі атауы: Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Успенская районная больница» управления здравоохранения Павлодарской области, акимата Павлодарской области.

  1. Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республика, Павлодар облысы, 141000, Успен ауылы, Абай көшесі, 99. 2. Кәсіпорынның заңды мәртебесі
  1. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылған және заңды тұлғаның құқықтарын иеленген болып саналады.
  2. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
  3. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жергілікті атқарушы органның рұқсатымен құрып, сонымен қатар, өзін басқа заңды тұлғаның құрушысы (қатысушысы) ретінде көрсете алады.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдары мен өкілдіктерін құра алады.

  1. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрдегі мемлекеттік тіркеуге немесе басқа да тіркеуге қатысты келісім-шарттар тіркелген күннен бастап егер өзге жағдайлар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көрсетілмесе, жасалған болып саналады.
  1. Кәсіпорын қызметі мен оның мақсаттары
  1. Кәсіпорынның халыққа мамандандырылған көмекті, заңды түрде белгіленген тәртіппен және бекітілген медициналық көмек түрлерін лицензияға сәйкес көрсету қызметі болып табылады.
  2. Халықтар құрамын алғашқы медико-санитарлық және консультативтік-диагностикалық көмегімен қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын сақтау бағдарламаларын іске асыру — Кәсіпорын қызметінің мақсаттары болып табылады.
  3. Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін іске асырады:

1) медициналық қызмет:

— ауруды ерте аңықтау мақсатындағы диагностика;

— амбулатория деңгейіндегі емдеу;

— стационардың орнын басушы (күндізгі стационар, үй стационары);

— профилактикалық тексеру;

— иммунизация;

-уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама (қағаздың берілген күні, уақытша еңбекке жарамсыздығы жайында аңықтама);

-жүкті әйелдің, балалардың, жаңа туған нәрестелердің патронажы;

— диспансерлеу және динамикалық бақылау.

2) Өндірістік-денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жұмысты жүзеге асыру:

-тегін дәрігерлік жәрдеме кепілдік берілген көлем қосылмаған дәрігерлік қызметтердің ақылы негізінде көрсету;

-келісім негізінде кәсіпорындарға және ұйымдарға дәрігерлік қызметтерді көрсету;

-табыс алуды сүйемелдеу және кәсіпорынның қызметі дамыту үшін, мемлекеттік тапсырысты орындау есебін, ақылы қызмет және кәсіпорындармен шаруашылық келісім-шарт қажет;

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңына сәйкес тауарларды сатып алу қызметін ұйымдастыру;

-аурулардың тегін қызмет көрсетуіне тапсырыс бойынша алған құралдардың мақсатты және тиімді жұмсалуы.

3) кәсіби курстар, дәрістер, семинарлар, тренингтер, конференциялар, емдік-диагностикалық және алдын алу жұмыс бойынша орындарда дәрігерлік консультациялар және тікелей көмек үшін дәрігерлердің жоспарлы шығуларын ұйымдастыру мен өткізу форрмасындағы ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетулер:

-ортақ емдік желінің мамандарына консультациялық көмекті көрсету;

-салауатты өмір салтын насихаттау бойынша санитарлық-ағарту жұмысы;

4) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде тыйым салынбаған медициналық қызметтің өзге де түрлері.

  1. Кәсіпорынның қызмет пен оның мақсатына жауап бермейтін келісімдерді жасауға және қызметті іске асыруға құқығы жоқ.
  2. Кәсіпорнының қызмет мақсаттарына, Қазақстан Республикасының шектелген заңдарына немесе басқарушы құжаттарына, не басшының жарғылық құзіреттілігінің бұзушылығымен қарсы жасалған келісім-шарты жергілікті атқарушы органның шағымымен, Кәсіпорынды басқару органымен, облыстық коммуналдық бюджетті пайдалануға уәкілеттенген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен, немесе прокурормен жарамсыз деп саналуы мүмкін.
  3. Басшының Кәсіпорынның жарғылық емес қызметті жүзеге асыруга бағытталған әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып саналады және тәртіптік және материалдық жазаға әкеліп соғады.
  1. Кәсіпорынды басқару
  1. Жергілікті атқарушы орган:

1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;

3) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;

4) Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

5) Кәсіпорынның мүлкін қолдану туралы, соның ішінде оны кепілдікке, жалға өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;

6) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

19.Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте басқару органы келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) бір мекемеге қарасты заңды тұлғаларды басқару сұрақтары бойынша акт әзірлейді, оның іске асуын қамтамасыз етеді;

2) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныс жасайды;

3) Кәсіпорынның Жарғысы бекіту туралы ұсыныс жасайды, оған өзгірістер пен толықтырулар енгізуді ұсынады;

4) кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер), көлемін анықтайды;

5) кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі, бекітеді;

6) Кәсіпорынның даму жоспарының орындалуын талдауды және бақылауды жүзеге асырады;

7) Кәсіпорын мүлкінің есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

8) Кәсіпорын мүлкінің сақтаулуын және қолдауын бақылауды қамтамасыз етеді;

9) Қазақстан республикасы заңнамасы және осы Жарғы жүктеген басқа да өкіллеттілікті жүзеге асырады.

  1. Кәсіпорынның Басшысы оның органы болып, заңнамамен көзделген жағдайларда бақылау кеңесі болып табылады.
  2. Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
  3. Басқару органы Кәсіпорын басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шартын жасау арқылы ресімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен бекітілген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстық белгіленген бөлігі уақытылы аудармағаны үшін Кәспорын басшысының жауапкершілігі айқындалады.

  1. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
  2. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттіұйымдастыруға дербес жауапты болады.
  3. Басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
  4. Басшы:

1) Кәсіпорының атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банктік шоттар ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе, оларды жазаға тартады;

Басқару органы Басшының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы оның Жарғысында белгіленеді;

8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас аға бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың Басқару органына кандидатуралар ұсынады;

10) өзінің орынбасарлары және Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлеріне құзыретін белгілейді;

11) тиісті саланың Басқару органның келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілеттігі туралы ережелерді бекітеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге дефункцияларды жүзеге асырады.

  1. Кәсіпорын мен жергілікті атқарушы орган арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  2. Кәсіпорын мен Басқару органы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  1. Байқау кеңесі бар кәсіпорынмен басқару ерекшеліктері
  1. Кәсіпорында басқару Органның ұсынысы бойынша кәсіпорын органы – байқау кеңесі құрылады.

Білім беру және денсаулық сақтау саласында шаруашылық жүргізу құқығындағы байқау кеңесімен мемлекеттік кәсіпорынның құруы, сонымен қоса білім беру және денсаулық сақтау саласында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік жұмыс ітеп тұрған кәсіпорынға байқау кеңесін енгізуі жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде іске асырылады.

  1. Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарына қойылатын талаптар мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органдармен бекітіледі.
  2. Байқау кеңесі мүшелерінің жұмысын бағалау тәртібі, байқау кеңесі құрамына сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар, сонымен қоса байқау кеңесінің мүшелерінің конкурстық таңдау ережелері және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатылуы мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органдармен бекітіледі.
  3. Байқау кеңесі мүшелерінің жұмысын бағалау тәртібі және байқау кеңесі мүшелеріне үстемеақы белгілеу мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органдармен анықталады.
  4. Кәсіпорын байқау кеңесінің мынадай өкілеттіктері бар:

1) кәсіпорынның даму жоспарының жобасы бойынша, өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша басқару органына қорытынды береді;

2) даму жоспарының орындалуы туралы есеп жобасымен келіседі, Кәсіпорынның жылдық қаржы есептілігін алдынала бекітеді;

3) демеушілік, қайырымдылық көмектер мен қосымша көздерден алынған қаражатты, оның ішінде Кәсіпорынның иелігінде қалған таза табыстың бір бөлігін бөлу туралы шешім қабылдайды;

4) бюджет қаражаты мен қосымша көздерден алынған қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау үшін Кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамасымен кедергісіз танысады және көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыру үшін басқару органына ұсыныстар енгізеді;

5) кәсіпорынның басшысын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу мәселелері бойынша тиісті саланың уәкілетті басқару органының ұсыныстарымен келіседі;

6) басқару органына кәсіпорынның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;

7) кәсіпорын қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстаржасайды;

8) басқару органына кәсіпорынның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы ұсыныстар енгізеді;

9) басқару органына кәсіпорынның филиалдарын, өкілдіктерін құру және жабу туралы ұсыныстар енгізеді.

  1. Кәсіпорынның байқау кеңесінің отырыстарын өткізу тәртібі:
  • кәсіпорынның байқау кеңесінің отырыстары қажет болуына қарай,

тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

2) кәсіпорынның байқау кеңесінің отырысын оның төрағасы өз бастамасы бойынша, басқару органының байқау кеңесі мүшесінің немесе кәсіпорын басшысының талап етуі бойынша шақыруы мүмкін.

3) кәсіпорынның байқау кеңесінің отырысы, егер кәсіпорынның байқау кеңесінің барлық мүшелері оның өтетін уақыты мен орны туралы хабардар етілсе және отырысқа кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, заңды болып табылады. Кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің өз дауысын байқау кеңесінің басқа мүшесіне немесе өзге жеке тұлғаға (сенімхат бойынша) беруіне жол берілмейді.

4) байқау кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда кәсіпорынның байқау кеңесі төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.

5) байқау кеңесінің шешімдері жазбаша нысанда ресімделеді және оларға байқау кеңесінің барлық мүшелері қол қояды.

  1. Кәсіпорынның мүлкі
  1. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.
  2. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
  3. Кәсіпорынның мүлкі:

1) оған меншік иесі берген мүлкітің;

2) өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлкітің (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

  1. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
  2. Шаруашылық жүргізу құқығын алу және тоқтау, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіпппен жүзеге асырылады.
  3. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіпппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.
  4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.
  5. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
  6. Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу құқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 44, 45-тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
  7. Осы Жарғының 45 тармағында көзлделген шаруашылық жүргізу құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорыннан мүлікті меншік иесінің шешімі бойынша заңды түрде алынып қойылған жағдайда тоқтатылады.

Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда, мыналар:

— шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызметтінің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті алып қою;

— артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай емес пайдаланылатын мүлікті алып қою жатқызылады.

  1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атқарушы орган, облыстық коммуналдық мүлікке бұйырық етуге өкілетті) Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.
  2. Кәсіпорын жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімімен тиісті саланың Басқару органның ұсынымы бойынша филиалдар, өкілдіктер құруға құқылы.
  3. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген негізгі заттарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес басқарады.
  4. Осы Жарғының 47-тармақтарында көрсетілген мүлікпен мәмілелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады, егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде немесе меншік иесімен өзгеше белгіленбеген жағдайда.
  1. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру
  1. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен дамыту жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.

  1. Кәсіпорынның таза табысының бөлігі аудару нормативтін жергілікті атқарушы орган белгілейді.

Кәсіпорынның таза табысының бөлігін белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуы тиіс.

Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін, он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

  1. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес жүзеге асырады.
  2. Кәсіпорын (шаруашылық жүргізу құқығындағы) өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары Кәсіпорынның оларды өндіруге жұмсаған шығындарын толық өтеуді, оның қызметінің залалсыздығын және өз табыстары есебінен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиіс.

Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемі шеңберінде өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың Басқару органының келісімі бойынша Кәсіпорын белгілейді.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге аырудан осы Кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құрылған сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесінде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен бюджетке алуға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидаларды бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алуға жатады.
  1. Кәсіпорынның жарғылық капиталы
  1. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 31 287 379, 33 (отыз бір миллион екі жүз сексен жеті мың үш жүз жетпіс тоғыз) теңге 33 (отыз үш) тиын құрайды, бұл Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі кезіне Құрылтайшымен толық қалыптастырылды.
  1. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі
  1. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың Басқару органының келісімі бойынша халықаралық стандарттарына және қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.
  1. Кәсіпорынның жауапкершілігі
  1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
  1. Еңбек ұжымымен өзара қатынас
  1. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
  2. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
  1. Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақы төлеу
  1. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын Басқару органы белгілейді.
  2. Еңбекақы төлемі нысандарын, штат кестесін, лауазымдық еңбекақылар мөлшерін, сыйлықақы беру және өзге сыйлықақы жүйесін белгіленген еңбек ақы төлеу қорының шегінде Кәсіпорынмен дербес айқындайды.
  3. Кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас(аға) бухгалтерінің лауазымдық еңбекақыларының мөлшерні, оларды сыйлықақы беру және басқа өзге де сыйақы жүйесін тиісті саланың Басқару органы белгілейді.
  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату
  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азамматық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратыуы мүмкін.

  1. Коммуналдық Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды Басқару орган жүзеге асырады.
  2. Несие берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.

Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған, кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған қаражатты қоса алғанда, таратылған Кәсіпорынның ақшасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

  1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

66.Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті жергілікті атқарушы орган Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

 

Басшы (бас дәрігер) ________________ Е.Н. Базарбеков