Дүниежүзілік темекісіз күн (World No Tobacco Day) – жыл сайын 31 Мамырда бүкіл әлемде өткізілетін Халықаралық темекі шегуге қарсы акция. Бұл күнді 1987 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) темекі эпидемиясына және оның өлімге әкелетін салдарына жаһандық назар аудару үшін белгіледі.
ДДҰ мәліметтері бойынша, темекіні пайдалану денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Темекі оны тұтынатын адамдардың жартысына жуығын өлтіреді. Жыл сайын темекіні пайдалану сегіз миллионнан астам адамның өліміне әкеледі, олардың жеті миллионнан астамы темекі тұтынушылары немесе бұрынғы тұтынушылары және 1,2 миллионнан астам темекі шекпейтін адамдар екінші темекі түтініне ұшырайды.
Темекіні пайдалану адам ағзасының барлық дерлік мүшелеріне теріс әсер етеді. Темекі шегу инфаркт, инсульт, ауыз қуысының, тамақтың, өкпенің қатерлі ісігі, астма, туберкулез, деменция және басқалары сияқты аурулардың дамуына ықпал етеді.