❗ Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Тіпті шұғыл түрде көшеге шығу керек болса да, көршілеріңізден балаларыңызға қарауларын сұраңыз. Сондай-ақ, кішкентай балаларды үлкен балалардың қамқорлығына ұзақ қалдыруға БОЛМАЙДЫ. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бұл АТА-АНАЛАРДЫҢ міндеті.
❗ Бала терезенің алдына шыға алмауы үшін жиһаздың барлық түрін терезеден алыстатыңыз.
❗Москитті торларға (москитные сетки) сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған.
❗ Терезелерге балаға бірнеше сантиметрден астам терезені ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді, балалар құлпын қойыңыз.
❗ Ашық терезенің жанында болу қаупі туралы балалармен әңгімелесіңіз.
❗ Егер бекіткіш құрылғыны орнатуға мүмкіндік болмаса, терезенің тұтқасын қажеттілігіне қарай пайдалана отырып ашыңыз.