13.09.2024 ж. №2 ЖОББМ КММ-де педагогтармен және 11-13 жастағы қыздардың ата-аналарымен адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау бойынша семинар өтті. Дәрігер-эпидемиолог С. С. Сундутова мен акушер Ж.С. Асалдинова қатысушыларды жатыр мойны обыры бойынша әлемдегі және республикадағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, осы аурудың алдын алу туралы айтып берді. "Дисконт" ӨК медицина қызметкерлері ата-аналар мен оқытушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев