Кене шаққан жағдайда уақытты жоғалтпай, жақын жердегі медициналық ұйымға жүгініңіз. Ерте көрсетілген медициналық көмек қауіпті инфекциялардың алдын алуға және асқынулардың қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Пациенттің әрекет ету алгоритмі:
МСАК ұйымына (аурухана, дәрігерлік амбулатория, ФАП немесе медициналық пункт) қаралу;
Дәрігердің тексеруінен өту және қажет болған жағдайда зертханалық талдаулар тапсыру;
Көрсетілімдер бойынша облыстық рефералдық медициналық ұйымдарға жолдану;
Дәрігердің бақылауында болып, барлық профилактикалық және емдік ұсынымдарды сақтау.
Кенені өз бетіңізше дұрыс емес әдіспен алып тастауға болмайды. Мүмкіндігінше оны медициналық қызметкердің көмегімен алу ұсынылады.
Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, кене шаққан жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз!

@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя