Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы «Алтын шипагер» ұлттық сыйлығы аясында өз номинациясында жеңімпаз атанды.
20-06-2022 14:39
Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы «Алтын шипагер» ұлттық сыйлығы аясында өз номинациясында жеңімпаз атанды.

Республикалық байқаудың қорытындысы медицина қызметкерлері күніне орайластырылған «Дені сау ұлт» медициналық саммиті кезінде жарияланды. Ұлттық сыйлықтың жеңімпаздарына жаңа өмір мен ұзақ ғұмырды бейнелейтін Алтын лавр бұтағы бар хрусталь мүсіні табыс етілді.

«Үздік жедел медициналық жәрдем станциясы» номинациясында павлодарлық 103 қызметі бірінші орынға ие болды. Марапатты қызмет өкілдеріне Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой табыстады.

Бүгінгі таңда облыстық станция 790 мыңға жуық адамға қызмет көрсетеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қызмет желісіне 387 мыңнан астам өтініш келіп түсті, 313 мыңға жуық қоңырау пысықталды. Қызмет жедел көмек көрсетуге арналған ең заманауи жабдықтармен жабдықталған және екі жыл бұрын автопаркті толығымен жаңартты. Станция басшылығы медицина қызметкерлерінің біліктілігін үнемі арттыруға көп көңіл бөледі. Қызметкерлерді үздіксіз оқыту үшін мұнда қажетті тренажерлері бар Симуляциялық орталық жұмыс істейді.

 

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі