контакт: Телефон приёмной: 8-7182-66-01-09. Телефон регистратуры: 8-7182-66-00-91; 66-00-97; 66-00-98. e-mail: onko-pvl@mail.ru
адрес: Павлодар қ., Российская, к. 57/3
Коронавирусқа тегін экспресс-тестілеу
22-05-2020 08:00

«Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында короновирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шаралады одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 Қаулысына сәйкес, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарын, «Саби» қоры көрсетіп жатқан қайырымдылық көмек аясында, коронавирусқа қарсы денелерді анықтау бойынша тегін экспресс-тестілеу өтуге шақырады. Тестілеуді орындайтын оператор ретінде жеке зертханалардың біреуі тағайындалды.

Экспресс-тестіні өту үшін cdl.kz сайтында сауалнама толтыру қажет. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары эпидемилогиялық өлшемдер негізінде сауалнамаларды іріктеп алады. Содан кейін, байланыс-орталықтың операторлары пациентпен байланысып әр қайсы пациентке емшара кабинетіне келу уақытын жеке тағайындайды.

Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында пациент белгілі ережелерді сақтау тиіс, ол:

  • Нәтижені алу үшін электрондық поштаны көрсету;
  • Қатаң түрде көрсетілген уақытта келу;
  • Маска киіп келу;
  • Емшара кабинеті келушілерінің арасында 1,5-2 метр арақашықтықты сақтау.

Экспресс-тестілеу коронавирусқа деген иммундық жүйенің әсерін бағалап, бармақтан алынған қанда IgM және IgG классты ерекше қарсы денелерді анықтайды.

  • IgM қарсы денелер бірінші болып қалыптасады, індет жұққаннан кейін 7-10 күн аралығында пайда болады.
  • IgG қарсы денелер кейін қалыптасады, ол індетпен ауырған әрі оған қарсы қалыптасқан иммундық жауаптың белгісі болып табылады.

Экспресс-тестілеудің нәтижесі талдау тапсырғаннан кейін 15 минутта ұсынылып, сауалнама толтырған кезде көрсеткен электрондық поштаға жіберіледі.