2019 жылғы 08-11 қараша аралығында ШЖҚ «ПООД» КМК эндоскопист дәрігері И.У. Боромбаев Оңтүстік Корея, Дэгу қаласындағы Кенгпук Ұлттық Университеті жанындағы госпиталь базасында Гастроэнтерология және гепатология бөлімінде ішек ауруларын зерттеу бойынша корей қауымдастығының жыл сайынғы Конгресіне байланысты ішек аурулары мәселелері бойынша 3-ші Халықаралық симпозиумға орайластырылған GO IMKASID білім беру бағдарламасын өтті.
Оқыту кезеңінде эндоскопиялық тәсілдердің тақырыптары қозғалды:
* тоқ ішектің қабыну ауруларын диагностикалау,
* асқазан-ішек жолдарының обыр алды және инвазивті емес түрлерін заманауи эндоскопиялық әдістермен емдеу (EMR, EPMR, ESD),
* билиопанкреатикалық аймақ обырын ультрадыбыстық диагностикалау және емдеу (EUS, FNA (трепан-биопсия), ЭРХПГ, билиопанкреатикалық хаттамаларды стенттеу).