2019 жылғы 22 қазанда Павлодар облыстық онкологиялық диспансер базасында «Пациенттерді қолдау мектебі» бірінші сабағын өткізді. Тақырыбы: «Препараттардың жанама әсері және оларды түзету». Лекцияны химотерапевт дәрігері С.А. Денчик және резидент дәрігер Шабдан А. өткізді. Лекция аяқталғаннан кейін пациенттер қызықтыратын сұрақтарға жауап алды. Пациенттерді қолдау мектебі Павлодар облыстық онкологиялық диспансерде Қазақстан Респубикасында алғаш рет жоғары білікті дәрігер м.ғ.к. С.А. Денчиктің бастамасымен ұйымдастырылды.
