контакт: Телефон приёмной: 8-7182-66-01-09. Телефон регистратуры: 8-7182-66-00-91; 66-00-97; 66-00-98. e-mail: onko-pvl@mail.ru
адрес: Павлодар қ., Российская, к. 57/3
ОБЪЯВЛЕНИЕ ПАРТИИ НУР-ОТАН
01-11-2019 08:00

Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары!

«Nur Otan» партиясының Павлодар қалалық филиалы партиялық кадрлық резервке іріктеудің басталуы туралы хабарлайды!

Егер Сіз біздің қаламыздың тағдырына немқұрайлы қарамасаңыз және оның әрі қарай дамуын қаласаңыз, іріктеуге қатысуға шақырамыз!

Іріктеуге Қазақстан Республикасының 20 жастан асқан, соттылығы жоқ және Павлодар қаласының аумағында тұратын азаматтары қатыса алады.

Сонымен қатар партия мүшелері ғана емес, «Nur Otan» құрамына кіру ниеті бар партияға мүше емес тұлғалар да іріктеуден өтуі құқылы.

Қатысу ережелері:

1-қадам. «Nur Otan» партиясының сайтында «Партиялық кадрлық резерв» бөліміне тіркелу;

2-қадам. Іріктеуге қатысушының өтінішінін беру;

3-қадам. Сайтқа қажетті құжаттарды жүктеу: жеке куәлік, партиялық билет (бар болса), психо — және наркодиспансерлерден анықтама, сотталмағандығы туралы анықтама.

Сондай-ақ өтінімді партияның Павлодар қалалық филиалына (ұйымдастыру комитетіне) Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 57 мекенжайы бойынша өзіңіз келіп ұсынуға болады.

Байланыс телефондары: (87182) 65-11-58, 61-80-01,87084040444.

Өтінімдер 2019 жылғы 28 қазан мен 4 қараша аралығында қабылданады.