контакт: Телефон приёмной: 8-7182-66-01-09. Телефон регистратуры: 8-7182-66-00-91; 66-00-97; 66-00-98. e-mail: onko-pvl@mail.ru
адрес: Павлодар қ., Российская, к. 57/3
Онкологиялық диспансер базасындағы брифинг
03-02-2026 10:34
Онкологиялық диспансер базасындағы брифинг

2026 жылғы 03 ақпанда онкологиялық диспансердің базасында жыл сайын 4 ақпанда аталып өтетін Халықаралық онкологиялық ауруларға қарсы күрес күніне орайластырылған Павлодар облысы журналистерінің қасытуымен брифинг өтті.

Брифингке қатысқандар:

Асқарова Әсел Тоқмағамбетқызы – директордың орынбасары;

Борисенко Сергей Владимирович – диспансерлік бөлімшенің меңгерушісі;

Кравчук Валерий Анатольевич – торакалдық бөлімшенің меңгерушісі;

Дуйснбинов Еркин Райзаевич – химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі;

Негманов Ернұр Қайратұлы – онколог дәрігері.

Іс-шара халықты өңірдің онкологиялық қызметінің жағдайы, оның 2025 жылғы қызметінің нәтижелері туралы, сондай-ақ онкологиялық ауруларды ерте анықтау және емдеу шаралары туралы ақпараттандыруға бағытталған. Мамандар үнемі профилактикалық тексерулердің, скринингтік бағдарламалардан өтудің және қауіпті белгілер пайда болған кезде уақтылы дәрігерге қарану маңыздылығы туралы ескертеді. Ерте диагностика онкологиялық ауруларды сәтті емдеудің және пациенттердің өмір сүру сапасын сақтаудың басты факторларының бірі болып қалады. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!